24.01.2008, 15:12 2686

ИКК әлеуметтік жобаларға жұмсайтын қаражат көлемін ұлғайтуға тиіс - президент

ИКК әлеуметтік жобаларға жұмсайтын қаражат көлемін ұлғайтуға тиіс - президент

Жезқазған. 24 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Илеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар табыстың бір бөлігін әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға жұмсауға тиіс. Бұл туралы бүгін бизнестің әлеуметтік жауапкершілігіне арналған форумда президент Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Илеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар күш-жігерін әлеуметтік бағыттағы жобаларға, атап айтқанда, медицинаны, білім беру саласын, ауыз сумен қамтамасыз етуге бағыттауға тиіс", - деді президент. " Илеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың пайдасын бөлу тетіктері мен схемасын қазіргі кезеңде дәйектеу қажет", -деді ол. "Олардың басты міндеті - жергілікті жерлерде шағын және орта бизнесті дамыту, пайда табу, инвестициялар тарту болып табылады, және бұл қаржыны тиісті өңірдің инфрақұрылымын дамытуға жұмсауы қажет", - деді Н. Назарбаев.

Илеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар өңірлік бизнестің тиімділігін көтеру үшін ғана емес, сонымен бірге өңірдегі әлеуметтік тауқыметтерді шешу үшін де құрылып отыр. Бұл ИКК-дың инвестициялық қоржындарында да көрініс табуға тиіс", -деді мемлекет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны