03.12.2009, 16:50 3935

ҰҚК Қарағанды облысы бойынша департаментінің ағымдағы жылдағы қызметі қорытындыланды

ҰҚК Қарағанды облысы бойынша департаментінің ағымдағы жылдағы қызметі қорытындыланды

Алматы. 3 желтоқсан. Kazakhstan Today - ҰҚК басшысының және облыс әкімінің қатысуымен ҰҚК Қарағанды облысы бойынша департаментінің қызметін қорытындылау жиналысы болып өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 2009 жылдың 3 қарашасында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы генерал-лейтенант Амангелді Шабдарбаев пен облыс әкімі Серік Ахметовтің қатысуымен ҰҚК Қарағанды облысы бойынша департаментінің ағымдағы жылдағы қызметін қорытындылау жиналысы болып өтті.

Жиналыс барысында Департаменттің 2009 жылдағы жедел-қызметтік іс-әрекетінің нәтижелері және алдағы жылға белгіленетін басым міндеттер талқыланды.

ҰҚК басшысы халықаралық терроризм тарапынан төнетін қауіп-қатерлерге және экстремизмнің өзге де көріністеріне, сыбайлас жемқорлық пен ұйымдасқан қылмысқа қарсы әрекет ету, есірткі трафигінің жолын кесу, сондай-ақ еліміздің экономикалық мүдделерін тиімді қорғау шараларын жетілдіру жөнінде нұсқау берді.

Облыс әкімі, өз кезегінде, департаменттің жеке құрамына атқарушы билік органдарымен әрекеттестіктегі кәсібилігі және жоғары деңгейі үшін алғыс білдірді. ҰҚК органдары қызметкерлерінің іс-әрекеттері көп жағдайда өңірдің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Жиналыстың соңында комитет төрағасы әскери қызметшілерге облыс әкімдігі бөлген пәтерлердің кілттерін тапсырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны