19.05.2014, 19:29 2829

ҰКП 2014 жылдың 15 мамырындағы ЕАЭО туралы Келісім жобасының нұсқасын жариялады

Қазіргі таңда Келісім жобасын дайындау процесі аяқталып қалды, деп хабарлайды Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ресми порталы. ЕАЭО туралы Келісім жобасына 29 мамыр күні Астанадағы Жоғарғы экономикалық кеңес отырысында қол қойылмақ.

Алматы. 19 мамыр. Kazakhstan today. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 2014 жылдың 15 мамырындағы ЕАЭО туралы Келісім жобасының нұсқасын жариялады.

Қазіргі таңда Келісім жобасын дайындау процесі аяқталып қалды, деп хабарлайды Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ресми порталы. ЕАЭО туралы Келісім жобасына 29 мамыр күні Астанадағы Жоғарғы экономикалық кеңес отырысында қол қойылмақ.

Естеріңізге сала кетейік, ЕАЭО туралы Келісім жобасы институцияналдық және функционалдық бөлімнен тұрады. Институциялдық бөлім құқықтық субъектілік, негізгі ұстанымдар, мақсаттар, құзіреттер, құқықтар, басқару органдары мен ЕАЭО бюджеті мәселесін реттейтін болса, функцияналдық бөлім экономикалық интеграцины салалық реттеу мәселелерін қарастырады.

Жалпы, ЕАЭО Келісім жобасы арқылы экономикалық қызметтердің төмендегі салалары реттелмек: кедендік басқару, сыртқы сауда саясаты, техникалық реттеу, санитарлық, санитарлық-ветеринарлық және карантиндік фитосанитарлық шаралар, тұтынушылар құқын қорғау, макроэкономикалық саясат, валюталық саясат, қызметтер саудасы мен инвестиция, қаржы нарығын басқару, салық және салық салу, бәсекелестік саясат, табиғи монополия, энергетика, транспорт, мемлекеттік қажеттілік үшін сатып алу, зияткерлік меншік, өнеркәсіп, аргоөнеркәсіптік кешен мен еңбек миграциясы.

Айта кетейік, Елбасы М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде оқыған дәрісінде тек қатысушы үш ел экономикасының жиынтық көлемі 2,2 триллион долларды құрағандығын айтты. Үш ел шығарған өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі 1,5 триллион АҚШ долларына жуықтады. Жиынтық ІЖӨ-нің өсімі түріндегі интеграциялық тиімділіктің перспективасы 2030 жылға қарай шамамен 900 миллиард долларды құрай алады, деді ол.

"Осылайша, еуразиялық интеграция бізге келе жатқан Үшінші жаһандық индустриялық революция алдында ортақ стратегиялық басымдықты қамтамасыз етеді. Ол әлемдік құрылыс парадигмасының көпқырлылық жағына қарай ауысуы драмалық актісі жағдайында жүріп жатыр. Қазіргі жаһандық тұрақсыздық - бұл тек экономиканың ғана емес, сондай-ақ, халықаралық құқықтың, жаһандық саясаттың дағдарысы", - деді Елбасы.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны