24.04.2009, 18:27 3406

Ұлттық қор қаражатын тарату кезінде жол берілген заң бұзушылықтар туралы мәліметтерді шұғыл хабарлау үшін прокуратура, ұлттық қауіпсіздік және қаржы полициясы органдарында сенім телефондары орнатылады

Ұлттық қор қаражатын тарату кезінде жол берілген заң бұзушылықтар туралы мәліметтерді шұғыл хабарлау үшін прокуратура, ұлттық қауіпсіздік және қаржы полициясы органдарында сенім телефондары орнатылады

Астана. 24 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Ұлттық қор қаражатын тарату кезінде жол берілген заң бұзушылықтар туралы мәліметтерді шұғыл хабарлау үшін прокуратура, ұлттық қауіпсіздік және қаржы полициясы органдарында сенім телефондары орнатылады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі ҚР Бас прокуратурасының хабарламасына сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, құқық қорғау органдарының кәсіпкерлердің /заемшылардың/ қызметіне негізсіз араласуы туралы және Ұлттық қор қаражаттарын тарату кезінде жол берілген өзге де заң бұзушылықтар туралы мәліметтерді шұғыл хабарлау үшін прокуратура, ұлттық қауіпсіздік және қаржы полициясы органдарында сенім телефондарын орнату шешілді.

Бұл телефондар бойынша Ұлттық қордың қаражаттарын игеруге байланысты заң бұзушылықтар туралы хабарлар ғана қабылданады, деп атап көрсетілген хабарламада.

Бас прокуратура атап өткеніндей, қазіргі уақытта "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ, "КазАгро" Ұлттық Холдингі" АҚ, олардың еншілес ұйымдарымен және екінші деңгейдегі банктермен Ұлттық қордан әлемдік қаржылық дағдарыстың салдарын мейлінше азайтуға бағытталған қаражаттарды тарату басталды.

Олардың заңды әрі мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ету үшін мемлекет Басшысымен құрамына құқық қорғау және бақылау органдарының жетекшілері кірген арнайы Жұмыс тобы жасақталды.

Жұмыс тобы қызметінің шеңберінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жетекшілік ететін Құқық қорғау органдарының үйлестіру Кеңесі құрылды.

Кеңес қызметінің мақсатына Ұлттық қор қаражаттарының заңды әрі мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ету жөніндегі құқық қорғау органдарының ұмтылыстарын үйлестіру және тиісті шараларды жүзеге асыру барысында туындайтын мәселелерді шешу жатады.

Соңғы кездері кәсіпкерлердің алда болатын тексерістерден қорыққандықтарынан мемлекеттің қаржылық көмегінен бас тартып жатқандықтары туралы мәлімдеулер жиіленіп кеткендігін атап өту керек.

Осыған орай, тексеру шараларын атқару мәселелерін және ақпараттық алмасу сұрақтарын талқылау үшін 21-сәуірде Бас прокуратура Құқық қорғау органдарының үйлестіру кеңесінің арнайы отырысын ұйымдастырды.

Кеңеске құқық қорғау органдарымен қатар Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттігінің, "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ-ның, "КазАгро" Ұлттық Холдингі" АҚ-ның жетекшілері және Ұлттық қордың қаражаттарын таратуға қатысып жатқан 12 банктің өкілдері қатысты.

Талқылау нәтижесінде құқық қорғау органдарының түпкі заемшылардың /кәсіпкерлердің/ жұмысына араласуының негіздері мен көлемін едәуір азайтуға және ақпараттық ағымдарды құрылымдау арқылы мониторингті және тексерулерді, негізінен жанама әдістермен, кәсіпкерлерді істен алаңдатпастан жүргізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін нақты шешімдер әзірленді.

Атап айтқанда, түпкі заемшыларды тексеру барысында заемшының адалдығы презумпциясын ұстану шешілді.

Түпкі заемшының жұмысына араласу Ұлттық қор ақшасын ұрлау немесе мақсаттан тыс пайдалану туралы нақты ақпарат түскенде ғана және оны жанама әдістермен тексеру мүмкіндігі жоқ болған жағдайда ғана жүргізіледі.

Ұлттық қор қаражаттарының мақсатты пайдаланылуына тексеру себебін алға тартып заемшының бүкіл шаруашылық қызметін тексеруге жол берілмейді.

Заемшының өз қаражаттарының есебінен жүргізілетін операцияларды қоса алғандағы барлық қаржылық операцияларына мониторинг жасауды болдыртпау максатында "Самұрық-Қазына" Ұлттық Ил-Ауқат Қоры" АҚ-на, "КазАгро" Ұлттық Холдингі" АҚ-на және банктерге заемшыларға Ұлттық қордан алған ақшалар үшін бөлек /арнайы/ есеп-шот ашу мүмкіндігін жеткізу ұсынылды.

Бұл бастаманы жүзеге асыру заемшыға /кәсіпкерге/ оның өз қаражаттарын жұмсау процессіне бақылау құрылымдарының қол сұғуынан құтылу мүмкіндігін береді.

Ағымдағы несиелерді Ұлттық қор қаражаттарының есебінен қайта қаржыландыру кезінде заемшының кызметіне қол сұқпастан тек тиісті талаптардың сақталуы ғана тексерілетін болады.

Ақша айналымдағы қаражаттарды толықтыруға берілген жағдайда олардың мақсатты пайдалануына тексеру жүргізуге жол берілмейді. Бұл ақшалардың заңды жұмсалуына тексеру жүргізу оларды пайдалану арқылы қылмыстық әрекеттер жасалғандығын көрсететін мәліметтер болғанда ғана мүмкін.

Қаржыландырудан бас тартудың заңдылығы мен негізділігін тексерулер бас тартудың заңсыздығы немесе негізсіздігі туралы мәліметтер болғанда ғана жүргізіледі.

Осыған байланысты, егер мұндай деректер кездескен жағдайда тиісті шағыммен құқық қорғау органдарына жүгінуді ұсынамыз.

"Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ-на, "КазАгро" Ұлттық Холдингі" АҚ-на және банктерге түпкі заемшыларға Ұлттық қордың ақшасын пайдалана отырып оффшорлық аймақтарда тіркелген тұлғалармен мәмілелер жасауға тыйым салу мүмкіндігін қарастыру ұсынылды.

Сонымен қатар ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыруды едәуір шектеп, оны тек заем берушінің рұқсатымен жасау мүмкіндігін қарастыру ұсынылды.

Осылайша Құқық қорғау органдарының үйлестіру Кеңесі құқық қорғау органдарының тексерулерін бір тәртіпке келтіру және Ұлттық қор қаражаттары заемшыларының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөнінде жеткілікті шаралар қолданды.

Дейтұрғанмен, дағдарысқа қарсы шараларға бөлінген Ұлттық қор қаражаттарының заңды әрі мақсатты пайдаланылуы сұрақтары прокуратура және құқық қорғау органдарының ерекше назарында қалып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны