30.05.2007, 13:18 1239

Изербайжан мен Қазақстан президенттері телефон арқылы екі жақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады

БАКУ. 30-мамыр. Kazakhstan Today. Изербайжан президенті Ильхам Илиев пен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев кеше болған телефон арқылы сұхбатында екі жақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Изербайжан президентінің баспасөз қызметінен хабарлады.

"29-мамырда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Изербайжан мемлекет басшысы Ильхам Илиевке телефон арқылы хабарласты. Мемлекет басшылары екі ел арасында түрлі салалардағы, соның ішінде саяси, экономикалық, мәдени және басқа да салалардағы байланыстардың табысты дамып келе жатқанына қанағаттанғандық білдіре отырып, осы байланыстар аясының болашақта да кеңейе түсетініне сенім білдірді",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Екі мемлекет басшысы Изербайжан-Қазақстан екі жақты қарым-қатынастары, аймақтық проблемалар, энергетика секторындағы ынтымақтастық пен өзара қызығушылық тудырған басқа да бірқатар мәселелерді талқылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны