12.03.2012, 10:07 3048

Вице-премьер Павлодарда Елбасы тапсырмаларының жүзеге асырылуы туралы кеңес өткізді

Премьер-Министрдің орынбасары Қайрат Келімбетов Павлодар облысына жасаған жұмыс сапары аясында облыс орталығының инфрақұрылымдық нысандарын аралады.

Астана. 12-наурыз. Kazakhstan Today - Вице-премьер Павлодарда Елбасы тапсырмаларының жүзеге асырылуы туралы кеңес өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Премьер-Министрдің орынбасары Қайрат Келімбетов Павлодар облысына жасаған жұмыс сапары аясында облыс орталығының инфрақұрылымдық нысандарын аралады.

Вице-премьер "Қазақтелеком" АҚ Халықаралық корпоративті мәліметтер өңдеу орталығының (Dата- орталық), "Астана" мұз сарайының жұмысымен таныс болды.

Бұлармен қатар, Қ.Келімбетов жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізіп, онда Елбасының "Илеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты" атты Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауының тапсырмаларын жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, вице-премьер Қазақстан мен Ресейдің IX Халықаралық ынтымақтастық форумының дайындығына қатысты кеңес өткізді, аталмыш форум екі мемлекет басшыларының қатысуымен ағымдағы жылдың қыркүйек айында Павлодарда өтеді деп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны