05.02.2014, 21:22 14051

XXII Қысқы олимпиада ойындарының күнделігін телеарналар күнде көрсетеді - Б.Кальянбеков

"Арнайы бағдарламалар бойынша Спорт және дене шынықтыру агенттігімен бірлесе Сочи қаласында қазақстандық журналистерге жұмыс істеу үшін жағдай жасау үшін бірқатар істер атқарылды. Барлығы бұл жұмысқа 47 журналист жұмылдырылса, оның 15 олимпиада аяқталғанға дейін жұмыс істейтіндер", - деді Б. Кальянбеков.

Алматы. 5 ақпан. Kazakhstan today. Қазақстандық телеарналардан Сочиде өтетін Олимпиада ойындарының күнделігі күн сайын көрсетіледі. Бұл туралы ОКҚ өткен брифингінде ҚР МАМ Ақпарат және мұрағат комитетінің төрағасы Болат Кальянбеков хабарлады.

"Арнайы бағдарламалар бойынша Спорт және дене шынықтыру агенттігімен бірлесе Сочи қаласында қазақстандық журналистерге жұмыс істеу үшін жағдай жасау үшін бірқатар істер атқарылды. Барлығы бұл жұмысқа 47 журналист жұмылдырылса, оның 15 олимпиада аяқталғанға дейін жұмыс істейтіндер", - деді Б. Кальянбеков.

Оның айтуынша, отандық спортшылардың өнерін қазақстандықтар Олимпиаданың телекүнделігінен көре алады.

" "Қазақстан", "Хабар" және "KazSport" телеарналарында Олимпиада күнделіктерінің күн сайынғы шығарылымы және спортсмендер мен спорт сарапшыларының қатысуымен бейне роликтердің көрсетілімі ұйымдастырылған. Ал, "Хабар" агенттігінің сайтында Олимпиадаға қатысты барлық ақпараттар орналасатын арнайы "Олимпиада Сочи-2014" парақшасы жасалынады", - деп Комитет төрағасы атап өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны