26.07.2019, 15:41 19146

Қызылорда облысы әкімінің өкімімен Марат Делмұханов облыс әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды

М.Делмұханов 1979 жылы туған. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін "бухгалтер-экономист" және "заңгер" мамандықтары бойынша бітірген.

Қызылорда. 26 шілде. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Қызылорда облысы әкімінің өкімімен Делмұханов Марат Нұрсайынұлы облыс әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

М.Делмұханов 1979 жылы туған. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін "бухгалтер-экономист" және "заңгер" мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2001 жылы Батыс Қазақстан облысының экономика басқармасының бас маманы ретінде бастаған.

2002-2010 жылдары - Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты талдау-эксперттік бөлімінің бас маманы, ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас инспекторы, бөлім меңгерушісі, Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, "Технопарк "Алгоритм" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры.

2010-2013 жылдары Маңғыстау облысы әкімі аппараты ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас инспекторы, бөлім меңгерушісі, Маңғыстау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.

2013-2017 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы болған.

2017 жылдың маусым айынан бастап осы кезге дейін Кызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы лауазымында қызмет атқарып келді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны