02.05.2019, 17:38 7410

"Жағалау күзеті" шекаралық кемелері қымбат бағалы балықтарды тірідей құтқарды

ҚР ҰҚК Шекара қызметі "Жағалау күзеті" өңірлік басқармасының шекаралық кемелері Каспий теңізінде Мемлекеттік шекараны күзете жүріп 2500 м ау, 1200 данадан астам ілмекті аулау құралдары мен өзге де браконьерлік құралдарды тауып, 100 кг-ға жуық бекіре тұқымдас және басқа да қымбат бағалы балықтарды тірідей құтқарды.

Нұр-Сұлтан. 2 мамыр. Kazakhstan Today -Өткен демалыс күндері "Батыс" Өңірлік басқармасының шекарашылары Ресейге қарай және Ресейден Қазақстанға қарай Мемлекеттік шекарадан заңсыз (рұқсат құжаттарынсыз) алып өтпек болған, жалпы бағасы 18 875 119 теңгенің тауарын жергілікті Мемлекеттік кіріс департаментеріне тапсырды.

Орал шекара отрядының "Сырым авто", "Ақсай авто", Ақтөбе шекара отрядының "Жайсаң авто", "Әлімбет авто", "Қарашатау авто" бөлімшелерінде тәркіленген тауарлардың ішінде Ресейге қарай заңсыз өткізбек болған бұрын пайдалынылған темір контейнерлер, темір сынықтары, битум, ағаш материалдары, Қазақстанға кіргізбек болған азық-түлік өнімдері, дәрі-дәрмек те бар.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі "Жағалау күзеті" өңірлік басқармасының шекаралық кемелері Каспий теңізінде Мемлекеттік шекараны күзете жүріп 2500 м ау, 1200 данадан астам ілмекті аулау құралдары мен өзге де браконьерлік құралдарды тауып, 100 кг-ға жуық бекіре тұқымдас және басқа да қымбат бағалы балықтарды тірідей құтқарды. Осылайша, мемлекетке келтірілуі мүмкін 3 370 622 теңге шығынның алды алынды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны