24.01.2011, 15:36 3831

Жалға берілетін тұрғын үй құрылысын мемлекеттік тұрғыдан қолдау 2015 жылға дейін сақталады

Жалға берілетін тұрғын үй құрылысын мемлекеттік тұрғыдан қолдау 2015 жылға дейін сақталады. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінде өтіп жатқан Үкімет сағатында Тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық агенттігінің төрағасы Серік Нокин мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 24 - қаңтар. Kazakhstan Today - Жалға берілетін тұрғын үй құрылысын мемлекеттік тұрғыдан қолдау 2015 жылға дейін сақталады. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінде өтіп жатқан Үкімет сағатында Тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық агенттігінің төрағасы Серік Нокин мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, ағымдағы жылы Астана мен Алматы қалаларының серіктес қалаларын дамытуға 6,6 млрд. теңге, сондай-ақ "Нұрлы көш" бағдарламасы бойынша инженерлік желілер салуға 4,8 млрд. теңге көзделген, деп хабарлаған агенттік төрағасы.

"Тұрғын үй құрылысын қажеттіліктермен қамтамасыз ететін негізгі факторлардың бірі - құрылыс салынатын аудандарда тиісті инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымның болуы, бұл мақсатқа 2011 жылы 10 млрд. теңге қарастырылып отыр",-деді агенттік төрағасы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны