04.01.2008, 12:25 2145

Жамбыл облысының қылмыстық-атқару жүйесі комитеті басқармасы және СИ-13 тергеу абақтының бірқатар басшылары қызметтен босатылды

Жамбыл облысының қылмыстық-атқару жүйесі комитеті басқармасы және СИ-13 тергеу абақтының бірқатар басшылары қызметтен босатылды

Тараз. 4 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Таразға келген әділет министрі Зағипы Балиеваның бұйрығымен Жамбылдың тергеу абақтысынан аса қауіпті қылмыскерлердің қашып кетуіне байланысты, Жамбыл облысының қылмыстық-атқару жүйесі комитеті басқармасы және СИ-13 тергеу абақтысының бірқатар басшылары қызметтен босатылды. Бұл туралы Жамбыл облыстық Ішкі істер департаментінде өткізілген брифингте айтылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Оқиғаға байланысты Жамбыл облысының ІІД тергеу басқармасы ҚР ҚК 358 бабының 2 бөлімінің "а" тармағы, (алдын-ала жоспарланған бір топ адамдардың қашуы) 28 баптың 3 бөлімі (қылмысқа қатысу), 307 баптың 4 бөлімі ( қызметін асыра пайдалану) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу кезінде анықталғанындай, қашу жоспарын СИ-13 абақты бастығының орынбасары ұйымдастырған. Бүгінде қашуды ұйымдастырған және абақтының бес қызметкеріне айып тағылып, тергеуі абақтыға қамалды.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, 28 нен 29 желтоқсанға қараған түні ( сағат 1.00 мен 2.00 аралығында) жамбылдық тергеу қапасынан абақты қызметкерлеріне пара беру арқылы ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері Марат Ибдуәли, Ерғали Қырықбаев, Қайрат Қырықбаев қашып шыққан.

М. Ибдуәли лақап аты "Маратенок", 2000 жылдың қыркүйек айынан бастап ҰҚТ мүшесі ретінде Жамбылдық ІІД шұғыл тізімінде тұр. 2006 жылдың 20 маусымында "Валют-Транзит Банк" инкассаторларына қарулы шабуылды ұйымдастырып, үш адамды өлтіргені және 32 млн теңгені ұрлағаны үшін, 2007 жылдың 23 қазанында Жамбыл облыс сотының үкімімен 25 жылға бас бостандығанан айрылды.

Қашып құтылмақшы болған кезде М. Ибдуәли жамбасын сындырып алып, оқиға орнында құрықталды.

Е. Қырықбаев және Қ. Кырықбаев 1993 жылдың ақпан айынан бастап "Қырықбаев"ҰҚТ тобының мүшелері ретінде Жамбыл ІІД шұғыл тізіміне енгізілген. 2007 жылдың 14 қыркүйек айында ағайынды Қырықбаевтар Жамбыл облыстық сотымен 2001 жылдың 2 мамыр айында Тараздағы "Ариран" кафесінде Т. Артықбаев деген азаматты өлтіргендері үшін 18 жылға бас бостандығынан айрылды.

Шығыл-тергеу-іздестіру жұмыстары барысында қашып кеткен Қырықбаевтардың өз еркімен абақтыға келу жөнінде шаралар қолданылды. Жамбыл полициясының басшысы Мейрхан Жаманбаев қылмыскерлердің отбасыларымен, дос-жарандарымен жеке әңгімелесті. Тергеу кезінде анықталғанындай, абақтыдан қашқан кезде Ерғали Қырықбаевтың аясы сынған. Осы себеппен ол полиция қызметкерлеріне бесінші тәулікте өз еркімен берілуге мәжбүр болды. 2008 жылдың 2 қаңтарына қараған түні Ерғали Қырықбаевтың туыстары оны СИ-13 тапсырды.

Бүгінде Қырықбаевтың інісі іздестірілуде. Жамбыл облысының ІІД, ҰҚК және прокуратура қызметкерлерімен бірлесе отырып, қылмыскерді іздестірудің арнайы жоспарын жасады.

Жамбыл облысының ІІД полицияның генерал-майоры Мейірхан Жаманбаевтың жеке гарнизон құрамы күшейтілген қызмет режиміне көшіріліп, Жамбыл облысының шекарасында қосымша күзеттер, бекеттер қойылды.

Қайрат Қырықбаевтың қайда жүргені жөнінде ақпаратты Жамбыл облысының ІІД телефонына хабарласуға болады (7262 435353, 43-06-66). Нақты ақпарат бергендер үшін ақшалай сыйлық қарастырылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны