26.05.2015, 16:49 4851

Жамбыл ст. ІІЖБ-да ҚР ІІМ Көліктегі ІІД бастығыныӊ қатысуымен жұмыс кездесуі өтті

Жиын барысында темір жол мен әуе көлігі нысандарында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті күшейту мәселелері қаралды. Сондай-ақ, жылжымалы құрамныӊ қағып кетуі салдарынан орын алатын адам өлімі мен жарақат алуды болдырмау, темір жол көлігі нысандарында "тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік" қағидатын қалыптастыру мақсатында атқарылып жатқан шаралар талқыланды.

Астана. 26 Мамыр. Kazakhstan Today - Жақында Жамбыл станциясындағы ішкі істер желілік басқармасында ҚР ІІМ Көліктегі ІІД бастығы полиция полковнигі Е. Саденовтыӊ төрағалығымен жұмыс кездесуі өтті. Оған Жамбыл ст. ІІЖБ-ныӊ бастығы М. Тазабеков, Жамбыл көлік прокуратурасыныӊ әділет кеӊесшісі М. Ашенов, "ҚТЖ" ҰК" АҚ-ныӊ Жамбыл жол бөлімшесі директорыныӊ орынбасары Б. Ақшалов, сондай-ақ темір жол кәсіпорындары мен Тараз қаласыныӊ "Иулие-ата" халықаралық әуежайы АҚ-ныӊ басшылары қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.
Жиын барысында темір жол мен әуе көлігі нысандарында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті күшейту мәселелері қаралды. Сондай-ақ, жылжымалы құрамныӊ қағып кетуі салдарынан орын алатын адам өлімі мен жарақат алуды болдырмау, темір жол көлігі нысандарында "тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік" қағидатын қалыптастыру мақсатында атқарылып жатқан шаралар талқыланды.
Басқосуда Жамбыл ст. ІІЖБ бастығы мен оныӊ орынбасарыныӊ есептері тыӊдалды.
Өз кезегінде Департамент басшысы Ержан Саденов жолаушылар өздерін қауіпсіз сезіну үшін, темір жол мен әуе көлігі нысандарыныӊ қоғамдық тәртібі мен қауіпсіздігіне айырықша назар аударды. Е. Саденов желілік бөліністердіӊ басшыларына темір жол көлігі қызметіне жүгінетін азаматтардыӊ қауіпсіздігі мен ондағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, соныӊ ішінде ортақ пайдалатын орындардағы құқық бұзушылық пен басқа да қылмыс түрлерініӊ алдын алып, жолын кесу жұмыстарын жандандыруды тапсырды.
Жиын соӊында әрбір полиция бөліністерінде кадр саясатын, қызметкерлердіӊ жауынгерлік дайындығын, жеке құрам арасындағы заӊдылық пен тәртіпті, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларын нығайту мәселелері қаралды.

Көліктегі ІІД баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны