24.06.2013, 17:03 2937

Жаңа түзету мекемелерін салу МЖС принципі бойынша жүзеге асырылады

Қазақстанда сотталғандардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету үшін өндіріс ұйымдастырумен жаңа колониялар салу мемлекеттік-жеке меншік серіктестік принципі арқылы жүргізіледі, деп хабарлады ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында.

Астана. 24-маусым. Kazakhstan Today - Жаңа түзету мекемелерін салу МЖС принципі бойынша жүзеге асырылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстанда сотталғандардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету үшін өндіріс ұйымдастырумен жаңа колониялар салу мемлекеттік-жеке меншік серіктестік принципі арқылы жүргізіледі, деп хабарлады ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында.

"Соңғы он жылда бір де бір түзету мекемесі салынбаған. Мәселенің шешімі - мемлекеттік-жеке меншік серіктестік шеңберінде колониялар салу, сәйкес халықаралық тәжірибені зерттедік", - деді Қ.Қасымов.

Мұндай колония Қарағанды облысында салынады.

Ол жаңа колониялар құрылысы қылмыстық-атқару жүйесін дамытудың үкіметтік бағдарламасы шеңберінде жүргізіледі, онда бұрыңғы отряд-баракты жүйеден қапас түріне кезең-кезеңмен ауысу қарастырылғанын атап өтті.

Сонымен қатар, бас бостандығынан айырусыз сотталған тұлғаларды бақылауды жүзеге асыратын пробация жүйесі белсенді дамуда.

Осылайша, ізге түсудің электрондық құралдарын, бас бостандығын шектеулі түрде жазасын өтеуші тұлғаларды бақылауға "электронды білезіктер" қолдануды енгізу жоспарланған, бұл олардың орналасқан жерін кез-келген жерде бақылауға мүмкіндік береді.

Естеріңізге сала кетейік, қылмыстық-атқару жүйесі ІІМ басқаруына берілген, бұл түзету мекемелеріндегі қылмыстық жағдайды тұрақтандыру қажеттілігіне негізделген болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны