30.03.2012, 14:52 4402

Жаңаөзендегі сот процесі ашық өтіп жатыр

Мұнда соттың ашықтығына көз жеткізу үшін журналистермен бірге үкіметтік емес ұйым, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері мен тәуелсіз, тіпті шетелдік байқаушыларға дейін жүр. Сарапшылар заңбұзушылықтардың тіркелмегенін айтады. Бүгін үшінші күн қатарынан жәбірленушілерден жауап алынуда. Келіп түскен соңғы ақпараттарға сүйенсек, осы уақытқа дейін 45 жәбірленуші сұралып үлгерді. Бүгін жауап алынған 4 жәбірленуші де талап-арызынан бас тартты.

Астана. 30-наурыз. Kazakhstan Today - Жаңаөзендегі жаппай тәртіпсіздікке қатысты сот процесі осымен төртінші күн ашық өтіп жатыр. Қазір бұл іс күллі азаматтық қоғамның жіті қадағалауында, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Хабар агенттігінің хабарлауынша, мұнда соттың ашықтығына көз жеткізу үшін журналистермен бірге үкіметтік емес ұйым, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері мен тәуелсіз, тіпті шетелдік байқаушыларға дейін жүр. Сарапшылар заңбұзушылықтардың тіркелмегенін айтады. Бүгін үшінші күн қатарынан жәбірленушілерден жауап алынуда. Келіп түскен соңғы ақпараттарға сүйенсек, осы уақытқа дейін 45 жәбірленуші сұралып үлгерді. Бүгін жауап алынған 4 жәбірленуші де талап-арызынан бас тартты.

Ал кешегі қорғаушылардың аптасына кем дегенде бір күн үзіліс беру жөніндегі өтінішін судья қанағаттандырып, бүгінгі сот процесі түскі 12.00-ге дейін ғана созылды. Түстен кейінгі уақытта адвокаттарға қорғауындағы сотталушылармен кездесуге мүмкіндік беріліп отыр. Айта кетерлігі, сотталушы Тәдженовтың дәрігерлік көмек көрсету және тұтқыннан үй қамауына көшіру туралы өтініші де шет қалмады. Аяғы жарақаттанған айыпталушыға медициналық көмек көрсетіліп, қазір үй қамауында отыр. Естеріңізге сала кетейік, келесі сот отырысы дүйсенбі күні сағат 10.00-ға белгіленді.

"Барлық қатысам деушілер, бақылаймын деушілер, қоғамдық ұйымдар, жалпы барлық кез-келген азаматқа мүмкіндік жасақталған. Бүгін жәбірленушілерден жауаптарын тыңдап жатырмыз. Жан-жақты барлығына мүмкіндік беріліп жатыр. Бәрі бір ауылдың балалары, бір ауылдың азаматтары ғой! Жәбірленушілердің өздері талап-арыздан бас тартып жатыр. Бұның өзі қазіргі отырған азаматтардың жаңағы ақталуына үлкен өзінің көмегі тиеді деп есептеймін",- деп мәлім етті Маңғыстау облыстың Азаматтық альянстың президенті Жақсыгүл МАХАМБЕТОВА.

Ал "Маңғыстау облыстық Тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі қоғам" ҚБ президенті Никар РАФИКОВА "Ирине, кез-келген азамат сияқты мені де бұл соттың тағдыры толғандырып отыр. Сондықтан, бұл оқиғаға қатысушылар сол кезеңді тезірек ұмытып кетсе деп тілеймін. Шынын айту керек, сол үш күн барлығымыз үшін бір ауыр сынық болды. Қайталанбасын деп тілейік. Сондықтан, билік құрылымдары мен күллі азаматтық қоғам, тіпті әр азамат сабақ алуы тиіс",- деп мәлім етті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны