30.05.2013, 12:21 6789

Жаңартылатын энергияға қатысты толықтырулар енгізуді көздейтін заң жобасы мақұлданды

Параламент Мәжілісінің депутаттары "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады.

Астана. 30-мамыр. Kazakhstan Today - Жаңартылатын энергияға қатысты толықтырулар енгізуді көздейтін заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Параламент Мәжілісінің депутаттары "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады.

Заң жобасы Икімшілік құқық бұзушылық туралы, Жер және Су кодекстеріне, "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы", "Аудиториялық қызмет туралы", "Электр энергетикасы туралы" заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді.

Құжатты екінші оқылымда талқылау кезінде ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 8 мамырдағы қорытындысы ескеріліп, депутаттардың 24 ұсынысы талқыланды. Бұл ұсыныстар негізінен жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын нысандардан электр энергиясын сатып алу тетігіне және электр энергиясын тұтынушыларға осы шығындарды Қазақстанның бірыңғай электр энергетикасы жүйесінен олардың тұтыну үлесіне пропорционалды түрде қайта бөлу қатынастарын реттеуге бағытталған.

Заң жобасы бойынша жұмыс тобының 12 отырысы және Комитеттің екі отырысы өткізіліп, онда депутаттардан, тұрақты Комитеттерден және Мәжілістің заңнама бөлімінен келіп түскен 250-ден астам ескерту мен ұсыныс қаралды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны