22.02.2012, 17:54 3345

Жаңөзенде адамдардың жаппай жоғалып жатқандығы жөніндегі мәліметтер жалған

2011 жылғы 16 желтоқсанда және одан кейін де Жаңаөзен қаласында хабар-ошарсыз кеткендер туралы мәлімет жоқ. "Голос Республики" газетінде жарияланған "Город усопших сохранит свои тайны до весны" атты мақалада бүркемеленген сұхбаттанушыға сілтеме жасала отырып, желтоқсан оқиғасы тұсында қайтыс болған жергілікті әйелді жерлеу кезінде оны жерлеуге арналған көрде екі ер адам мен бір әйел азаматтың мәйіті табылғандығы көрсетілген болатын.

Астана. 22-ақпан. Kazakhstan Today - Жаңөзенде адамдардың жаппай жоғалып жатқандығы жөніндегі мәліметтер жалған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков журналистермен болған брифингте мәлім етті.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, 2011 жылғы 16 желтоқсанда және одан кейін де Жаңаөзен қаласында хабар-ошарсыз кеткендер туралы мәлімет жоқ. "Голос Республики" газетінде жарияланған "Город усопших сохранит свои тайны до весны" атты мақалада бүркемеленген сұхбаттанушыға сілтеме жасала отырып, желтоқсан оқиғасы тұсында қайтыс болған жергілікті әйелді жерлеу кезінде оны жерлеуге арналған көрде екі ер адам мен бір әйел азаматтың мәйіті табылғандығы көрсетілген болатын.

"Жаңаөзен қаласында желтоқсанның 13-і мен 15-і аралығында бір ғана әйелдің қайтыс болғандығы анықталды және оның жақын туысқандары беймәлім мәйіттердің анықталуы туралы әңгімені жоққа шығарды. Осы мақалада қалалық кәріздерде бірнеше мәйіттердің табылғандығы туралы хабарланған болатын. Осы мәселеге қатысты кәріз бен қоқыс үйінділерінде жұмыс істейтін "Өзенинвест", "Өзенжылу" және "Тазалық" кәсіпорындарының қызметкерлері оларға бекітілген учаскелер мен аумақтарда мәйіттерді көрмегендігін айтады. Құқық қорғау органдарына да мұндай мәліметтер түспеген", -деді ресми өкіл.

Оның сөзінше, жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты деген айыппен сотталғандардың біреуінің әйелі бұқаралық ақпарат құралында жүздеген қаза болғандар туралы, киіз үйлерді өртеу мен дүкендерді тонауды полиция қызметкерлерінің өздері ұйымдастырғандығы туралы айтады. "Алайда, одан жауап алудың нәтижесі, қаза болғандардың саны туралы мәліметтер өсек-аяңның негізінде, ал полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері жөніндегі хабарлауы күмәнді ақпараттарға негізделгендігін көрсетті. Дегенмен, интернет-ресурстарындағы бейнежазбалардың өзі Жаңаөзен қаласының орталық алаңында жаңа жылдық шырша мен мерекелік киіз үйлерді өртеу кезінде полиция қызметкерлерінің болғандығын жоққа шығарады", - деді Н.Сүйіндіков.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны