27.10.2016, 12:05 4423

Жансейіт Түймебаев БҰҰ балалар қорыныӊ Қазақстандағы өкілі Ю.Оксамитныймен кездесті

Бүгін Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Жансейіт Түймебаев БҰҰ балалар қорыныӊ (ЮНЕСЕФ) Қазақстандағы өкілі Ю.Оксамитныймен кездесті, деп хабарлайды облыс әкімініӊ баспасөз қызметі.

Шымкент. 27 қазан. Kazakhstan Today - Бүгін Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Жансейіт Түймебаев БҰҰ балалар қорыныӊ (ЮНЕСЕФ) Қазақстандағы өкілі Ю.Оксамитныймен кездесті, деп хабарлайды облыс әкімініӊ баспасөз қызметі.

Кездесуде тараптар ана мен бала өлімін азайту, баланыӊ даму деӊгейін арттыру жайын сөз етті.

"Дамыған 30 елдіӊ қатарына ену үшін Қазақстанда ана мен бала өлімін азайтуымыз қажет. Яғни балалар арасындағы суицидпен күресуіміз керек. Бұл бағытта біз оған қарсы арнайы жоба әзірледік. Қызылордада жүзеге асырылған жоба бүгінгі күнніӊ өзінде оӊ нәтижесін бере бастады",- деді Ю.Оксамитный.

Аталған жобаны Оӊтүстік Қазақстанда жүзеге асыру туралы ұсынысын айтқан мәртебелі мейман әкімдікпен әріптестік орнатуға ниетті екенін жеткізді. Өз кезегінде облыс әкімі ЮНЕСЕФ-тіӊ Қазақстандағы өкілініӊ ұсынысын қабылдап, тиісті сала басшыларына жобаны іске асыру бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Н.И.Назарбаев 2012 жылғы 14 желтоқсандағы "Қазақстан-2050" Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттіӊ жаӊа саяси бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауында жаӊа кезеӊдегі әлеуметтік саясаттыӊ маӊызды құрамдас бөлігі ретінде ана мен баланы қорғауды жариялаймын, деген болатын.

"Ананы қорғау. Ийелдерге үндеу

Мемлекет үшін және меніӊ жеке өзім үшін де ананы қорғау - ерекше мәселе.

Қымбатты ханымдар!

Сіздер - отбасыныӊ, демек, мемлекеттіӊ тірегісіздер.

Еліміздіӊ болашақта қандай болатыны балаларымыздыӊ бойына өзіміз қандай тәрбиені сіӊіретінімізге тікелей байланысты.

Еӊ алдымен, біз қыздарымыздыӊ тәрбиесіне көп көӊіл бөлуіміз керек. Олар - болашақ жар, болашақ ана, шаӊырақтыӊ шырақшылары.

Қазақстан - зайырлы мемлекет. Азаматтарды ар-ождан бостандығымен қамтамасыз ете отырып, мемлекет, дегенмен қоғамға өз бетімен біздіӊ дәстүріміз бен заӊдарымызға қайшы келетін әлдебір қоғамдық нормаларды тықпалайтын әрекеттерге өте қатаӊ қарсы тұратын болады.

Біз Қазақстан қыздарыныӊ сапалы білім алып, жақсы жұмысқа ие болуы және тәуелсіз болулары үшін барлық жағдайды жасауымыз қажет.

Олар банк карточкаларына ие болуға, көлік жүргізіп, қызмет жолын қалыптастыра алуға, заманға сай болуға, сәнденуге тиіс және біздерде ешқашан киілмеген, салтымызға жат киімдерге оранып-қымтанбауға тиіс. Біздіӊ халқымыздыӊ өз мәдениеті, өз дәстүрі мен салты бар.

Халқымыз "Қыздыӊ жолы жіӊішке" дегенге ерекше мән беріп айтады. Бойжеткенніӊ жолы, қыздыӊ жолы - қылдай, оны үзуге болмайды. Бойжеткен, әйел заты әрдайым біздіӊ қоғамныӊ теӊқұқылы мүшесі, ал ана - оныӊ еӊ ардақты тұлғасы болды.

Біз әйел затына - анаға, жарға, қызға деген қапысыз құрметті қайта оралтуға тиіспіз.

Біз ананы қорғап-қолдауымыз керек. Мені отбасында әйелдер мен балаларға тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсету жайттарыныӊ көбеюі алаӊдатады. Ийелді құрметтемеу деген болмау керек. Бірден айтайын, ондай зорлық-зомбылықтыӊ жолы қатаӊ түрде кесілуі тиіс.

Мемлекет әбден асқынған жыныстық құлдыққа, әйелге тауар ретінде қарайтын көзқарасқа айрықша қатаӊ түрде тыйым салуға тиіс.

Біздіӊ елімізде толық емес отбасылар көп. Мемлекет баланы жалғыз тәрбиелеп жатқан аналарға көмектесуі керек. Біз әйелдер үшін икемді еӊбек түрлерін қалыптастырып, үйде жұмыс жасауларына жағдай туғызуымыз керек. Заӊ, мемлекет және мен біздіӊ ханымдарымыздыӊ жағындамыз.

Біз бұдан әрі де елімізде әйелдердіӊ рөлі артуы үшін барлық жағдайды жасайтын боламыз. Қазіргі замандағы қазақстандық әйел қызмет істеуге ұмтылуы керек.

Ийелдерді мемлекеттік және қоғамдық басқару ісіне белсене тартқан жөн, әсіресе, жергілікті деӊгейдегі өӊірлерде. Олардыӊ бизнес ашып, оны жүргізуіне де қолайлы жағдай жасаған абзал.

Баланы қорғау

Бейбіт өмірдіӊ өзінде бізде мыӊдаған жетімдер бар - балалар үйлері толы. Бұл, өкінішке қарай, жалпыәлемдік үрдіс және жаһанданудыӊ сынағы. Бірақ біз бұл үрдіспен күресуіміз керек. Мемлекетіміз бен қоғамымыз жетімдерді асырап алуды және отбасы типіндегі балалар үйлері салынуын көтермелеуі қажет.

Ерлердіӊ әйелдер мен балаларға мүлдем жауапсыз көзқарас танытқан оқиғаларыныӊ саны өсуде. Бұл біздіӊ дәстүрімізге, мәдениетімізге тіптен жат.

Балалар - қоғамымыздыӊ еӊ әлсіз және қорғансыз бөлігі және олар құқықсыз болуға тиіс емес.

Елбасы ретінде мен әрбір сәбидіӊ құқығы қорғалуын талап ететін боламын.

Біздіӊ топырағымызда туған кез келген сәби - қазақстандық. Және мемлекет оны қамқорлығына алуға тиіс.

Мен ажырасуға қарсымын, жастарды отбасы құндылығы, ажырасудыӊ қасірет екендігі рухында тәрбиелеу керек, өйткені, оныӊ салдарынан, еӊ алдымен, балалар зардап шегеді. "Икесі қой баға білмегенніӊ баласы қозы баға білмейді". Бала тәрбиесі - тек ананыӊ емес, ата-ананыӊ екеуініӊ де міндеті.

Ал болған іс болған екен, онда әке алимент төлеуге тиіс. Мемлекет жалғызбасты аналарды қолдауы және алимент төлемегені үшін жазаны күшейтуі керек.

Бала тәрбиелеу - болашаққа еӊ үлкен инвестиция. Біз бұл мәселеге осылай қарап, балаларымызға жақсы білім беруге ұмтылуымыз керек.

Мен өскелеӊ ұрпақтыӊ озық білім алуы үшін мүмкіндік туғызуға көп күш жұмсадым: "Балапан" бағдарламасы жүзеге асып, Зияткерлік мектептер, Назарбаев Университеті, "Болашақ" бағдарламасы жұмыс жасап жатыр.

Өздеріӊіз білесіздер, оған тек дайындығы бар және дарынды балалар ғана өте алады. Баланы білім мен еӊбекке дайындау - ата-ананыӊ борышы.

"Бар жақсылық балаларға" ұраны барлық ата-ана үшін қағидаға айналуы қажет.

Үкіметке:

ана мен баланы қорғау, сондай-ақ, отбасы және неке саласында заӊнаманы түбегейлі қайта қарауды;

ана мен балаға қарсы бағытталған қылмыс үшін, сондай-ақ,осы саладағы еӊ ұсақ деген заӊбұзушылықтар үшін жазаны күшейтуді;

туу мен көп балалы болуды ынталандыру жүйесін реформалауды - жеӊілдетілген салық, медициналық және әлеуметтік қызмет, еӊбек нарығында жаӊа мүмкіндіктер беру және сол сияқты материалдық және материалдық емес ынталандыруларды қамтитын шаралар кешенін әзірлеуді;

елде жыныстық ерекшелігі бойынша кемсітушілікке жол бермеу және іс жүзінде гендерлік теӊдік пен әйелдерге ерлермен теӊ мүмкіндіктерді қамтамасыз етуді тапсырамын. Бұл орайда мен сөзімді еӊ бірінші жұмыс берушілерге арнаймын",- деген болатын.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны