26.02.2013, 15:11 3013

Жастар саясатын дамыту тұжырымдамасы шеңберінде қолжетімді тұрғын үй және еңбекпен қамту мәселелері талқыланады

2020 жылға дейінгі Мемлекеттік жастар саясатын дамытудың жаңа тұжырымдамасы жастардың барлық мәселелерін шешуге бағытталған, деп хабарлады Білім және ғылым министрі ҚР Үкіметі отырысында.

Астана. 26-ақпан. Kazakhstan Today - Жастар саясатын дамыту тұжырымдамасы шеңберінде қолжетімді тұрғын үй және еңбекпен қамту мәселелері талқыланады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

2020 жылға дейінгі Мемлекеттік жастар саясатын дамытудың жаңа тұжырымдамасы жастардың барлық мәселелерін шешуге бағытталған, деп хабарлады Білім және ғылым министрі ҚР Үкіметі отырысында.

"Жастарды қолжетімді тұрғын үймен, еңбекпен және жұмыспен қамтуға, жастар ортасын радикалдандыруға қатысты Жастар ортасында жиналған мәселелер біз жасап шығарған Тұжырымдамадан көрініс тапты", - деді Б.Жұмағұлов.

Сонымен қатар, ол жастардың бастамаларын қолдау мемлекеттік тапсырмасы өзін жүзеге асыру мүмкіндігін ұсыну, ал жастардың тапсырмасы ұсынылған мүмкіндіктермен дұрыс пайдалану екенін атап өтті.

Министрдің айтуынша, жастардың мәселесін инновациялық ғылыми әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы шешу керек, сол үшін "Жастар" ғылыми-зерттеу орталығы құрылған.

Ол Тұжырымдаманың басым бағыты - жастар ұйымдарын шоғырландыру екенін атап өтті.

"Қазір олар 1000-нан астам, солардың ірілерімен жұмыс жасаймыз. Біз олардың филиалдық желісін дамытып, өңірлік ұйымдарды қолдап және жастардың әлеуметтік бағдарламалар мен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа қатысуына жәрдем береміз", - деді ҚР БҒМ басшысы.

Сонымен бірге, министр Премьер-Министрдің қатысуымен БҒМ алқасының шешімімен жас мамандарды еңбекпен қамту және бұл еңбекпен қамтуды сапалы бақылауда ЖОО-ы мен колледждердің жауапкершілігі арттырылған, экономика қажеттіліктері мен ҮИИД Мемлекеттік бағдарламасын есепке ала отырып, мамандарды дайындауға мемлекеттік тапсырыс құрылымы қайта қаралғананын мәлімдеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны