26.03.2013, 13:05 2944

Жемқорлықпен ұсталған қызметкердің бірінші басшысы қызметінен босауы тиіс

"Бұл мемлекеттік қызметтің өтуіне принципиалды жаңалық екенін айта кеткім келеді. Осы енгізілген нормаға сәйкес сот үкімі күшіне енген жағдайда саяси қызметкер немесе әкім, оған тағайындалған жемқорлық құқық бұзушылық жасаса қызметінен босауы тиіс", - деді И.Бәйменов.

Астана. 26-наурыз. Kazakhstan Today - Жемқорлықпен ұсталған мемлекеттік қызметкердің бірінші басшысы қызметінен босауы тиіс,, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің басшысы Илихан Бәйменов мәлім етті.

"Бұл мемлекеттік қызметтің өтуіне принципиалды жаңалық екенін айта кеткім келеді. Осы енгізілген нормаға сәйкес сот үкімі күшіне енген жағдайда саяси қызметкер немесе әкім, оған тағайындалған жемқорлық құқық бұзушылық жасаса қызметінен босауы тиіс", - деді И.Бәйменов.

Сонымен қатар, ол қызметтен босау міндеті нақты орындалады дегенді білдірмейтінін атап өтті. Бұл жерде өзіне деген сенімді сақтау мәселесі сөз етіледі.

Айта кету керек, аталған жаңалық әкімшілік қызмет туралы заң шеңберінде енгізіледі, соған сәйкес кадрларды іріктеу жүйесіне халықтың сену деңгейі, меритократия принциптерін сақтауға, мемлекеттік қызметкерлердің кәсіпқойлығына, қызмет этикасын бақылау тиімділігі және мемлекеттік қызмет көрсетулер сапасына мемлекеттік қызметкерлердің сену деңгейі түріндегі мақсатты индикаторларға қол жеткізу жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны