14.08.2012, 12:47 3297

Жер салығын көбейту туралы шешім бүгін-ертең қабылданады

"Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында жер салығын арттырудың нұсқалары әзірленіп жатыр, бүгін-ертең шешім қабылданады", - деді Отаров.

Астана. 14-тамыз. Kazakhstan Today - Жер салығын көбейту туралы шешім бүгін-ертең қабылданады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін Астанада өткен Үкімет отырысында Жер ресуртарын басқару агенттігінің төрағасы Қадірхан Отаров мәлімдеді.

"Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында жер салығын арттырудың нұсқалары әзірленіп жатыр, бүгін-ертең шешім қабылданады", - деді Отаров.

"Жер салығы ең алдымен, жердің категориясына байланысты болады. Екіншіден, салық салу әдісі өзгереді деп болжануда. Осыны ескере отырып, жердің сапасы мен оның орынды пайдаланылуын негізге аламыз. Онда ерекше талаптар бар, бірыңғай жер салығы, арнайы салық салу ережесі қамтылған. Мұның бәрі кешенде қарастырылады. Осыларды негізге алғанда, егер әдіс өзгеретін болса, баға да өзгереді. Жұмыс тобы қазір жұмыс істеп жатыр, оған барлық мүдделі орталық органдар кіреді. Осы онкүндік ішінде ұсыныстар әзірленеді", - деді Отаров журналистерге берген сұхбатында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны