04.05.2008, 17:48 3043

Жер сілкіне қалған жағдайда ТЖМ тек 11 мың алматылыққа ғана пана тауып бере алады - газет

Жер сілкіне қалған жағдайда ТЖМ тек 11 мың алматылыққа ғана пана тауып бере алады - газет

Алматы. 4 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Жер сілкіне қалған жағдайда Төтенше жағдайлар министрлігі (ТЖМ) тек 11 мың алматылыққа ғана пана тауып бере алады. Бұл туралы "Нұр Отан" партиясының қалалық бөлімшесінің саяси кеңесінің бюросы мен партияның мәслихаттағы депутаттық фракциясының бірлескен отырысында ҚР ТЖМ Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Дамир Халиков мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Вечерний Алматы" газетіне сілтеме жасай отырып.

Жойқын жер сілкінісі туа қалса 11 мың адам уақытша баспанаға ие бола алады. ТЖМ қоймаларында осы мақсатқа шатыр жабдықтары сақталып отыр. Д. Халиков сондай-ақ, жақын арада тағы 3 мың адамға арналған жабдықтар келіп түсетініне уәде берді. "Алайда, 9 балл жер сілкінісі бола қалса, жарты миллионға дейінгі қала тұрғындары баспанасыз қалуы мүмкін екенін ескере келе, ол мұндай жабдықтардың әлі де біршама жетіспейтінін мойындап отыр", - деп хабарлайды газет.

Сондай-ақ, әртүрлі есептеулер бойынша, апат бола қалса, қала ғимараттарының 40-тан 60 пайызы қирайды деп хабарланып отыр.

"Қаладағы болуы мүмкін шығынның мөлшерін азайту үшін өндірістерде химиялық бейтарап заттарды пайдалану арқылы аммиак пен хлор мөлшері 3 есеге азайтылды. Халық жиналатын орындардың саны 73-тен 288-ге ұлғайтылды", - деп хабарлайды газет.

"Сонымен қатар, 2004-2010 жылдарға арналған ұзақ мерзімді бағдарламасы 283 білім беру, 55 денсаулық сақтау орнының сейсмикалық беріктігін арттыру жұмыстарын қарастырады. Изірге тек, тиісінше 65 және 20 нысан бойынша ғана тиісті жұмыстар жасалған. 2008 жылы оған 7 мектеп пен 3 медицина мекемесі қосылады", - деп көрсетілген мақалада.

Алматы қаласында орналасқан 232 жанармай құю бекеттері потенциалдық қауіп төндіріп отыр. "Айтарлықтай жер сілкіне қалса, олар ғаламат жалынға оранады", - деп атап көрсетті Д. Халиков.

100 жылдан астам уақытқа созылған сейсмикалық тыныштық мерзімі аяқталғаны жайында да хабар беріліп отыр. Бұл ретте жер сілкінісінің қысқа мерзімді болжау проблемасы өзекті. Департамент сейсмология саласында жүрген барлық мамандардың басын қосатын салааралық өңірлік орталық ұйымдастыруды ұсынып отыр. Атап айтқанда, 1983 жылдан бері нақтыланбаған қаланың әртүрлі аудандарының топырағы мен тектоникалық плиталарының жарықшақтарының картасын жаңарту қажет.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны