24.06.2009, 15:02 1311

Жер учаскесін алып беру сылтауымен алаяқтық жасауда бүркеме ретінде қоғамдық ұйымдарды қолдану жиі кездеседі - қаржы полициясы

Жер учаскесін алып беру сылтауымен алаяқтық жасауда бүркеме ретінде қоғамдық ұйымдарды қолдану жиі кездеседі - қаржы полициясы

Астана. 24 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Жер учаскесін алып беру сылтауымен алаяқтық жасау ұйымдасқан қылмыстық топтардың жиі қолданатын қылмыстық айлаларының қатарына жатады. Қаскүнемдер бұл мақсатта бүркеме ретінде қоғамдық ұйымдарды да қолданады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

Ресми өкілдің хабарлауынша, "Алматы облысында мүлікті тәркілеумен 6,6 жылға бас бостандығынан айыруға "Халық үйі" қоғамдық бірлестігінің президенті Нұрғожаев сотталды. Ол аталған ұйымның жалған шешімдерімен жер бөлу арқылы 239 азаматтың 972 мың АҚШ долларын заңсыз иемденген ұйымдасқан қылмыстық топты құрған және оған басшылық еткен".

"Оған қоса тергеу қылмыстық топ басшысының заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысып 27,5 млн теңге заңсыз табыс алғандығын анықтады. Одан бөлек, Нұрғожаев 23,5 млн теңге салық төлеуден жалтарған. Қылмыстық топтың басқа да мүшелері түрлі мерзімдерге бас бостандығынан айыруға сотталды",- деді қаржы полициясының өкілі.

Сондай-ақ, осы облыста ұйымдастырушысы "Алтын ұя" қоғамдық бірлестігінің басшысы болған қылмыстық топтың 5 мүшесі қамауға алынды. Олар жоғарыда аталған ұйымның жалған шешімдерімен жер учаскелерін бөлу арқылы азаматтардың 245 млн 748 мың теңгесін ұрлаған. Залалды өндіру мақсатында құны 1 млрд 96 млн теңге жер учаскелеріне тыйым салынды. Топ ұйымдастырушысы іздеуге жарияланды.

Қызылорда облысында жер учаскелерін алып беруге көмек көрсету сылтауымен азаматтардың 9,5 млн теңгесін заңсыз иемденген ұйымдасқан қылмыстық топтың ұйымдастырушысы және 3 мүшесі сотқа тапсырылды. Топ басшысы қамауға алынды.

Бұған қоса, ресми өкілдің хабарлауынша, қаржы полициясы органдары "қара риэлторлардың" ұйымдасқан қылмыстық тобын ұстады.

"Мәселен, Солтүстік-Қазақстан облысында 12,6 жылға бас бостандығынан айыруға ұйымдасқан қылмыстық топтың басшысы Ю.Абдулманафов сотталды және 2,6 жылдан 8,6 жылға дейінгі аралықтағы түрлі мерзімдерге бас бостандығынан айыруға топтың 7 мүшесі сотталды. Олар қозғалмайтын мүлік нарығында алаяқтықпен айналысқан",- деді ол.

"Істің материалдарымен топ мүшелерінің заңды иелері Қазақстан Республикасынан кеткен немесе жалға берілген пәтерлерді, үйлерді анықтап, осы пәтергерге деген жалған құжаттар арқылы заңды иелерінің атынан тұрғын үйлерді босатқандығы және кейін өзге тұлғаларға сатқандығы анықталды.

Тергеумен бұл қылмыстық топтың ішімдікке салынып кеткен азаматтардың пәтерлерін заңсыз иемденгендігі де дәлелденді",- деді М.Жұманбай.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне
гиперсілтеме жасау міндетті.
«Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны