04.03.2010, 17:41 3373

Жезқазғанда сот үкімін орындаушы қызметтегі жалғандық үшін сотталды - прокуратура

Жезқазғанда сот үкімін орындаушы қызметтегі жалғандық үшін сотталды - прокуратура

Қарағанды. 4 наурыз. Kazakhstan Today - Қарағанды облысының Жезқазған қаласында сот үкімін орындаушы қызметтегі жалғандық үшін сотталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today облыстық прокуратураға сілтеме жасап.

"Б. Сүйменбаев 2009 жылдың сәуір айынан бері Жезқазған аумақтық бөлімінің сот үкімін орындаушысы қызметін атқара жүріп, өткен жылдың қыркүйек айында ҚР "Атқару өндірісі және сот үкімін орындаушылардың мәртебесі туралы" заң бабының талаптарын бұзып, банктің пайдасына кредиторлық берешекті өндіріп алу жөніндегі атқару өндірісі бойынша борышкер мен айғақтардың қатысуынсыз Е. есімді борышкердің мүлкін тізімдеу және тәркілеу актісін толтырған", - деп хабарлайды прокуратурадағылар.

"Заңдық күші бар осы құжатты пайдалана отырып, Б.Сүйменбаев өзінің қызмет бабын пайдалану арқылы, қызметтің мүддесіне қарамастан, пайдакүнемдік мақсатта борышкердің қызы - И есімді азаматшадан мүлікті тізімдеу және тәркілеу актісін жою үшін екі рет заңсыз 30 мың теңге алған", - деп хабарлайды мекеме.

Прокуратураның ақпаратына сәйкес, "Жезқазған қалалық сотының үкімімен Б.Сүйменбаев ҚР Қылмыстық кодексінің (лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдалану) жөніндегі 307-ші бабының 2-ші тармағын бұзған деп танылды, сол үшін оған жасының егде тартқандығына және денсаулық жағдайын ескере отырып, мемлекеттік қызметке тағайындалу құқығынан 3 жыл мерзімге айыру жазасы жүктелді. Үкім күшіне енді".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны