02.02.2018, 13:59 7630

Жыл қорытындысы бойынша прокуратура органдарыныӊ бірқатар басшылары жазаланды

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорыныӊ бұйрығымен тәртіптік теріс қылығы үшін Алматы қаласы прокуроры Ғ.Т.Миразов лауазымынан босатылды, сондай-ақ қадағалау қызметін лайықты ұйымдастырмағаны, қылмыстық процесте жүйелі бұзушылықтарға жол бергені және сотта мемлекет мүддесін тиімсіз өкілдік еткені үшін Ақтөбе облысы прокурорыныӊ орынбасары Д.Н. Сыздықов пен Оӊтүстік Қазақстан облысы прокурорыныӊ орынбасары А.А.Қожахметов атқарған қызметтерінен босатылды.

Астана. 2 ақпан. Kazakhstan Today - 2018 жылдыӊ 26 қаӊтарында өткен Бас прокуратураныӊ кеӊейтілген алқа отырысы жұмысыныӊ қорытындысы бойынша қылмыстық және азаматтық процесте, қылмыстық жазаны атқару саласында, сондай-ақ атқару өндірістерінде заӊдылықты қамтамасыз етуде айтарлықтай кемшіліктер анықталды.

Анықталған бұзушылықтар Бас прокуратураныӊ Тәртіптік комиссиясында қаралды.

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорыныӊ бұйрығымен тәртіптік теріс қылығы үшін Алматы қаласы прокуроры Ғ.Т.Миразов лауазымынан босатылды, сондай-ақ қадағалау қызметін лайықты ұйымдастырмағаны, қылмыстық процесте жүйелі бұзушылықтарға жол бергені және сотта мемлекет мүддесін тиімсіз өкілдік еткені үшін Ақтөбе облысы прокурорыныӊ орынбасары Д.Н. Сыздықов пен Оӊтүстік Қазақстан облысы прокурорыныӊ орынбасары А.А.Қожахметов атқарған қызметтерінен босатылды.

Ақтөбе облысыныӊ прокуроры М.Ж. Қайыбжанов, Ақмола облысыныӊ прокуроры Т.Ғ. Тәшімбаев, Солтүстік Қазақстан облысыныӊ прокуроры Б.Н. Асылов, сондай-ақ бірқатар облыс прокурорларыныӊ орынбасарлары, оныӊ ішінде Павлодар облысы прокурорыныӊ орынбасары Б.К. Мырзакеров, Алматы облысы прокурорыныӊ орынбасары С.С. Бакиров, Қызылорда облысы прокурорыныӊ орынбасары Ж.Б. Еламанов, Атырау облысы прокурорыныӊ орынбасарлары С.Р. Шалабаев, М.А. Төлеубаев, Маӊғыстау облысы прокурорыныӊ орынбасары А.А. Досекенов, және Тараз қаласыныӊ прокуроры Б.С. Сейілханов пен Қарағанды облысы Қазыбек би ауданы прокуроры Д.С.Қаражаспаев әртүрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасыныӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны