21.10.2009, 17:02 3347

Жылдың басынан бері алкогольдік ішімдіктерді сатудан түскен заңсыз табыс 116 млн теңгені құрады - қаржы полициясы

Жылдың басынан бері алкогольдік ішімдіктерді сатудан түскен заңсыз табыс 116 млн теңгені құрады - қаржы полициясы

Астана. 21 қазан. Kazakhstan Today - Жылдың басынан бері алкогольдік ішімдіктерді сатудан түскен заңсыз табыс 116 млн теңгені құрады. Заңсыз айналымнан 481 млн 800 мың теңгенің алкогольдік өнімі алынды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Дағдарыстық көріністер мен бюджеттің кіріс бөлігін толтырудағы қиындықтарға орай алкогольдік өнімнің заңсыз айналымындағы қылмыстарды анықтауға бағытталған кешенді іс-шараларды жүзеге асыру экономикалық және қаржылық салалардағы қылмыстарды анықтау бойынша басым бағытқа айналды.

Алкогольдік өнім заңсыз айналымының негізгі бөлігін спирттік ішімдіктерді сақтау және сату бойынша заңсыз кәсіпкерлік фактілері құрады. Жылдың басынан алкогольдік ішімдіктерді сатудан түскен заңсыз табыс 116 млн теңгені құрады. Заңсыз айналымнан 481 млн 800 мың теңгенің алкогольдік өнімі алынды",- деді М.Жұманбай.

Оның айтуынша, этил спиртін лицензиясыз сақтау және сату фактілері де анықталды.

Қазақстан Республикасының аумағына этил спиртін контрабандалық жолмен алып келу фактілері де тіркелді.

"Қаржы полициясы органдарының жедел-тергеу тәжірибесі көрсеткендей, спирттік ішімдіктерді қолдан жасау кезінде этил спирті басты компонент болып табылады.

Агенттік спирттік ішімдіктерді заңсыз жасаумен айналысатын астыртын зауыттар мен цехтарды анықтау бойынша жұмыс тұрақты түрде атқаруда. Осылайша, жылдың басынан есепте жоқ алкогольдік өнімді шығарған айналысатын 3 зауыт анықталды. 452 млн теңгенің акциздік өнімі тәркіленді.

Қылмыскерлер спирттік ішімдіктерді қолдан жасау кезінде жалған есепке алу бақылау маркаларын қолданады. Жылдың басынан 3 млн 100 мыңнан астам жалған есепке алу бақылау маркалары тәркіленді",- деді ресми өкіл.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны