21.09.2016, 17:50 4385

Жоғарғы сот төрағасы Елбасына Ұлт жоспарыныӊ сот жүйесіне қатысты барлық он қадамы орындалғанын айтты

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы сот жүйесініӊ жұмысын одан әрі жетілдіру және судьялардыӊ VII съезін өткізуге дайындық жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Астана. 21 қыркүйек. Kazakhstan Today - Нұрсұлтан Назарбаев Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today Ақордаға сілтеме жасап.

Иӊгімелесу барысында "100 нақты қадам" ұлт жоспарыныӊ іске асырылу мәселелері, сондай-ақ биылғы 8 айдағы сот төрелігін жүзеге асыру қорытындылары мен Қазақстан Республикасы судьяларыныӊ алдағы VII съезіне дайындық барысы талқыланды.

Жоғарғы сот төрағасы ұлт жоспарыныӊ сот жүйесіне қатысты барлық он қадамы орындалғанын айтты. Ұлт жоспарында көзделген реформалар республиканыӊ сот құрылымын және сот ісін жүргізуді одан әрі жетілдіруге зор серпін берді. Сот сатыларын оӊтайландыру сот төрелігіне қолжетімділікті айтарлықтай жеӊілдетуге, соӊғы шешімді қабылдау уақытын қысқартуға мүмкіндік туғызды.

Қ.Мәми 2016 жылғы 1 қаӊтардан бастап соттар бес сатылықтан үш сатылық сот төрелігі жүйесіне көшкенін хабарлады.

Сондай-ақ, Жоғарғы сот төрағасы инвестициялық дауларды қарайтын Жоғары соттыӊ мамандандырылған алқасы мен Астана қалалық сотыныӊ мамандандырылған құрамы, сондай-ақ Жоғары сот жанынан құрылған Халықаралық кеӊес толыққанды қызмет атқарып отырғанын мәлімдеді.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы сот жүйесініӊ жұмысын одан әрі жетілдіру және судьялардыӊ VII съезін өткізуге дайындық жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны