20.09.2010, 13:30 3946

Жол полицейлерінің көшені күзету маршрутының картасы қызметтік пайдалануға арналған - Баймағанбетов

Жол полицейлерінің көшені күзету маршрутының картасы қызметтік пайдалануға арналған. Бұл туралы бүгін интернет арқылы жүргізілген баспасөз мәслихаты барысында ҚР ішкі істер министрі Серік Баймағанбетов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 20 - қыркүйек. Kazakhstan Today - Жол полицейлерінің көшені күзету маршрутының картасы қызметтік пайдалануға арналған. Бұл туралы бүгін интернет арқылы жүргізілген баспасөз мәслихаты барысында ҚР ішкі істер министрі Серік Баймағанбетов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ол Алматы қаласы бойынша жүріп, көлік иелерін тоқтататын ЖПБ қызметкерлерінде маршрут картасы болуға тиіс пе деген сұраққа жауап бере отырып, аталмыш картаның тек қызметтік пайдалануға ғана арналғандығын баса айтты.

"Нормативтік құжаттарға сәйкес, жол полициясының саптық бөлімшелерінің қызметкерлерінде патрульдік маршрут карточкасының болады, ол қызметтік пайдалануға арналған",- деп хабарлады ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны