04.06.2013, 10:27 2977

Еуропадағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 8 адамға жетті

BNews.kz ақпараттық агенттігінің Reuters агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, Чехия билігі алты адамның көз жұмғаны туралы хабарлады, Австрияда екі адам қаза тапқан.

Астана. 4-маусым. Kazakhstan Today - Еуропадағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 8 адамға жетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің Reuters агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, Чехия билігі алты адамның көз жұмғаны туралы хабарлады, Австрияда екі адам қаза тапқан.

Бұған дейін үш адам көз жұмды және тағы үш адам із-түссіз жоғалып кетті деп хабарлаған болатын.

Чехияның барлық аумағында төтенше жағдай жарияланды. Елдің батысында 3 мыңнан астам адам өз баспаналарын тастап кетуге мәжбүр болды. Елдің батыс және оңтүстік бөлігі табиғат апатынан көп зиян шекті.

Прагада метро жабылды, Влатва өзенінің тоғандары металл құрылыстармен және құм толы қаппен бекітілді.

Чехияда жауын-шашын тоқтаған жоқ. 50 қалада, оның ішінде Прагада да қауіптіліктің жоғарғы - үшінші деңгейі жарияланды. Еске сала кетсек, 2002 жылғы су тасқыны кезінде Чехияда 12 адам көз жұмған болатын.

Австрияда қаза тапқан бір адамның мәйіті Зальцбургке жақын маңнан табылды, оның денесін ағынды су алып кеткен. Бұған дейін із-түссіз жоғалып кетті деп хабарланған тағы бір австриялық азаматтың денесі елдің батысы Форарльбергте табылды. Үш адам адам із-түссіз жоағлғандар тізімінде тұр. Австриядағы су тасқынының салдарымен күресуге қарулы күштер жұмылдырылды.

ГФР-да да табиғи апатпен күресуге әскер күші тартылды. Мұнда бундесвердің 1 750 қызметкері су тасқынына қарсы күрес жұмыстарын жүргізуде. Пассау және Розенхайм қалаларында төтенше жағдай жарияланды.

Дунайдағы кеме қатынасы тоқтатылды.

Дунай жағалауында орналасқан Братиславта да апатқа дайындалуда. Будапештте 400-ге жуық адам гидротехникалық құрылыстарды бекіту бойынша жұмыс жасауда.

Еліміздегі Сыртқы істер министрлігі қажеттілік туған жағдайда Қазақстан азаматтарын елге қайтарып алуға дайын екенін мәлімдеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Ең көп оқылғаны