14.08.2013, 10:05 125563

Италия президенті Сильвио Берлусконидің жазасын өзгертпеді

Италия президенті Джорджо Наполитано экс-премьер министіре кешірім беруден бас тартты

Алматы. 14-тамыз. Kazakhstan Today - Италия президенті Джорджо Наполитано экс-премьер министіре кешірім беруден бас тартты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Берлусконидің өзі келіп кешірім беруді өтінбейінше жаза өзгеріссіз қалады, деп мәлімдеді Нполитано. Бұдан бұрын Берлускони де, оның өкілдері де кешірім тілеп келмеген.

Естеріңізге сала кетейік, Берлускони түрмеге бір жылға жабылу керек, алайда Наполитано түрменің орнын үй қамаққа ауыстырылуын да жоққа шығармайды.

Бұдан басқа президент өкіметтен кетуге ниеттенген Берлусконидің жақтастарын, мұндай әрекет Италия экономикасына зиянын тигізеді деп ескертті: "Ешқандай кесімді жаза да, оның орындалуы да мұндай әрекетке себеп болмауы керек".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Ең көп оқылғаны