25.07.2013, 14:38 2973

"Яндекс" компаниясының негізін қалаушылардың бірі өмірден озды

"Яндекс" компаниясының негізін қалаушылардың бірі Илья Сегалович бейсенбіге қараған түні 49 жасында көз жұмды. Бұл туралы компания блогында бас директор Аркадий Волож хабарлады.

Астана. 25-шілде. Kazakhstan Today - "Яндекс" компаниясының негізін қалаушылардың бірі өмірден озды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Яндекс" компаниясының негізін қалаушылардың бірі Илья Сегалович бейсенбіге қараған түні 49 жасында көз жұмды. Бұл туралы компания блогында бас директор Аркадий Волож хабарлады.

"Біз Ильямен мектеп кезінен дос болдық. 4 жыл бойы бір партада отырдық. Одан кейін Яндексті жасадық. Бүгін түнде ол өмірден озды. Барлығы жылдам әрі аяқ астынан болды, - деп хабарлады ол. - Ол мықты бағдарламашылар дайындап, үлкен бір мектептің негізін қалап үлгерді".

"Яндекстің" бас директоры Сегаловичтің неден көз жұмғанын айтқан жоқ. Ал Forbes-тің компания өкілдеріне сілтеме жасап хабарлауынша ол асқазан қатерлі ісігімен ауырған. Ол соңғы жылдары "Яндекстің" техникалық директоры қызметін атқарған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Ең көп оқылғаны