15.07.2013, 10:42 2433

Қытайда әйел iPhone-мен сөйлесіп тұрып қайтыс болды

Қытайда 23 жасар iPhone иесі қоңырауға жауап берген сәтте тоқ соғып, қайтыс болды, деп жазады Вести.Ru.

Астана. 15-шілде. Kazakhstan Today - Қытайда әйел iPhone-мен сөйлесіп тұрып қайтыс болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қытайда 23 жасар iPhone иесі қоңырауға жауап берген сәтте тоқ соғып, қайтыс болды, деп жазады Вести.Ru.

Тоқ ұрған сәтте, телефон қуат алып тұрған болатын. Қайтыс болған әйелдің әпкесі iPhone иелерін телефондарын тоққа қосылып тұрғанда пайдаланбауға шақырды.

Қайтыс болған әйелдің отбасы Apple компаниясынан түсінік сұрады. Компания өкілдері қайтыс болған әйелдің отбасына көңіл білдіріп, оқиғаны тергеуге ат салысуға дайын екендерін жеткізді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Ең көп оқылғаны