30.07.2013, 15:20 2968

Пәкістанда түрмедегі бүліктен кейін жүздеген сотталушы қашып кетті

Тәлібтердің шабуылынан кейін Пәкістанның солтүстік-батысындағы түрмеден 30 содырды қосқанда 200-ден астам сотталушы қашып кетті, деп хабарлайды ВВС Орыс қызметі жергілікті билікке сілтеме жасап.

Астана. 30-шілде. Kazakhstan Today - Пәкістанда түрмедегі бүліктен кейін жүздеген сотталушы қашып кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Тәлібтердің шабуылынан кейін Пәкістанның солтүстік-батысындағы түрмеден 30 содырды қосқанда 200-ден астам сотталушы қашып кетті, деп хабарлайды ВВС Орыс қызметі жергілікті билікке сілтеме жасап.

Пәкістан Үкіметінің өкілі ARY News телеарнасына берген сұхбатында 60-қа тарта содыр түрме аумағына басып кіргенін айтты, қалғандары сырттан миномет және гранатометтермен атқылаған.

Соңғы ресми дерек бойынша, шабуыл кезінде 12 адам көз жұмды, оның төртеуі полиция қызметкері.

Шабуыл жасалған түрме Ауғанстанмен шекарадағы Хайбер-Пахтунхва провинциясында орналасқан. Онда қарулы содырлар тобы белсенді әрекет етеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Ең көп оқылғаны