11.07.2013, 16:02 2838

Перуде жолаушылар автобусы шыңырауға құлап кетті

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, сәрсенбі күні Перуде жолаушылар автобусы 400 метр биіктіктен шыңырауға құлап кетіп, 19 адам қаза тапты және он адам жарақат алды.

Астана. 11- шілде. Kazakhstan Today - Перуде жолаушылар автобусы шыңырауға құлап кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, сәрсенбі күні Перуде жолаушылар автобусы 400 метр биіктіктен шыңырауға құлап кетіп, 19 адам қаза тапты және он адам жарақат алды.

Қайғылы оқиға елдің орталығындағы Уанкавелика аймағында орын алды. Полиция мәліметі бойынша, автобус басқа бір көлікпен соқтығысады да, жолдың шетіне сырғып, шыңырауға құлап кетеді.

Қазіргі уақытқа дейін құтқарушылар 19 адамның мәйіті мен жарақат алған 10 адамды алып шықты. Ийтсе де олардың саны өсуі мүмкін. Себебі автобуста кем дегенде 40 жолаушы болған. Изірше олардың тағдыры белгісіз. Автобус жүргізушісі мен тағы бір әйел жол апатынан ешқандай жарақат алмаған.

Шілде айының басында Перуде тағы бір автобустың қатысуымен орын алған жол апатында 19 адам қайтыс болып, 18 жолаушы жарақат алған болатын. Ол кезде Лима өңіріндегі шатқалға құлап кеткен болатын. Ресми мәліметтерге сәйкес, Перуде автокөлік апатынан жыл сайын шамамен 3 мың адам қаза тауып, 50 мың адам жарақат алады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Ең көп оқылғаны