22.07.2013, 18:15 2747

Ұлыбритания ханшайымының толғағы басталды

Ұлыбритания "тақымын қысып отыр". Кембридж герцогинясының толғағы басталып, перзентханаға жеткізілді. Қабылдау бөлімінде оны бірнеше басылымның тілшілері көріп үлгерген, дейді РБК Sky телеарнасына сілтеме көрсете отырып.

Астана. 22-шілде. Kazakhstan Today - Ұлыбритания ханшайымының толғағы басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ұлыбритания "тақымын қысып отыр". Кембридж герцогинясының толғағы басталып, перзентханаға жеткізілді. Қабылдау бөлімінде оны бірнеше басылымның тілшілері көріп үлгерген, дейді РБК Sky телеарнасына сілтеме көрсете отырып.

"Range Rover-тегі ауруханаға оны күйеуі - Кембридж герцогі Уильям алып кірді. Оларды онда патшайым гинекологы Маркус Сетчелл бастаған атақты дәрігерлер қарсы алды", - деп атап көрсетілген хабарламада.

Патшайым сарайынан осы жаңалыққа қатысты ешқандай ресми мәлімдеме жасалған жоқ. Сондай-ақ ханшайымның денсаулығына қатысты алыпқашпа әңгімелер жайында да түсініктеме берілмеді. Бұған дейін Кембридж герцогинясы осыдан бір апта бұрын босануы керек деген ақпарат тараған еді.

Ханшайым қыз туады деп болжануда. Болашақ нәрестенің жынысы мемлекеттік құпия есептеледі, алайда ол жайында Кейт Миддлтон сұхбат беріп жатқан кезінде байқауысызда өзі айтып қалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Ең көп оқылғаны