30.07.2013, 16:05 3093

Жапонияда су тасқынынан 1 адам көз жұмды

Жапонияда су тасқынынан 1 адам көз жұмып, тағы 3-еуі із-түзсіз жоғалды. Бұл туралы Kazakh-tv.kz жергілікті ақпарат құралдарына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Астана. 30-шілде. Kazakhstan Today - Жапонияда су тасқынынан 1 адам көз жұмды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Жапонияда су тасқынынан 1 адам көз жұмып, тағы 3-еуі із-түзсіз жоғалды. Бұл туралы Kazakh-tv.kz жергілікті ақпарат құралдарына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Төтенше жағдай қызметінің мәліметінше, 25 мың тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Синоптиктер елде жауын-шашынның 7 айлық нормасы бірден жауғанын айтады. Осының салдарынан 10 мыңнан аса баспана электр жарығынсыз қалды. Ал елдің Хонсю, Кюсю және Сикоку аралдарында апат салдарынан жолдар қирап, көлік қозғалысы тоқтап қалды.

Қазір апат орнында құтқарушылар мен әскерилер тікұшақтардың көмегімен зардап шеккендерге көмектесуде. Метеорологтардың айтуынша, жыл сайын ел климатының ылғалдылығы артып барады. Соның салдарынан жауын-шашынның түсуі де ұлғайған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Ең көп оқылғаны