Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
22 қаңтар 2019
  • 10
  • :
  • 47
17:00

Астанада "Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтыӊ "Ұлы Даланыӊ жеті қыры" еӊбегіндегі инновациялық тұжырымдамалар" тақырыбында дөӊгелек үстел өтеді11.01.2019
Қоғам  15:54
Астана. 11 қаӊтар. Kazakhstan Today - ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтыныӊ ұйымдастыруымен "Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтыӊ "Ұлы Даланыӊ жеті қыры" еӊбегіндегі инновациялық тұжырымдамалар" тақырыбында дөӊгелек үстел өтеді.

Мақсаты - Елбасыныӊ бағдарламалық мақаласындағы ұлт тарихын зерттеу, тарихи сананы жаӊғырту бойынша жаӊа тұжырымдамалық амал-тәсілдер мен идеяларды ашып көрсету.

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтыӊ "Ұлы Даланыӊ жеті қыры" атты тұжырымдамалық мақаласы ұлттық тарихты жан-жақты және жүйелі зерттеудіӊ қажеттілігін айқындайды, отандық және шетелдік мұрағат қорларынан Ұлы Дала тарихы бойынша жаӊа материалдар мен құжаттарды теріп-жинақтаудыӊ, олардыӊ қалыӊ қауымға қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында сандық жүйеге көшірудіӊ өзектілігін арттырады.

Қазақстан тарихына қатысты жаӊадан табылған және ұлттық тарих жөніндегі жаӊа білімдерді қалыптастыратын мұрағат деректерініӊ негізінде жасалған ғылыми еӊбектерді жарыққа шығарудыӊ маӊызы даусыз. Ол үшін тарихи мұраны мақсатты зерделеу, Қазақстан тарихын әлемдік тарихтыӊ құрамдас, айырғысыз бөлігі ретінде жүйелі зерттеу қажет.

Дөӊгелек үстелге қатысушылар тарихи мұра, ұлт тарихын зерттеп зерделеу мәселелерін, тарихи сананы жаӊғыртудыӊ Қазақстан қоғамын дамытудағы рөлін, "Архив-2025", "Ұлы Даланыӊ Ұлы есімдері", "Түркі әлемініӊ генезисі", "Ұлы Даланыӊ ежелгі өнер және технологиялар музейі", "Дала фольклоры мен музыкасыныӊ мыӊ жылы", "Тарихтыӊ кино өнері мен телевизиядағы көрінісі" атты іргелі бағдарламаларды талқылайды. Іс-шарада Қазақстанныӊ көрнекті қоғам қайраткері, Қазақстанныӊ Еӊбек Ері, ақын Олжас Омарұлы Сүлейменов бас баяндамашы ретінде сөз сөйлейді.

Дөӊгелек үстел жұмысына ҚР Парламентініӊ депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, тарихшы, түрколог, археолог ғалымдар, оқытушылар, студенттер, магистранттар, докторанттар және бұқаралық ақпарат құралдарыныӊ өкілдері қатысады.

Іс-шара аясында Мемлекет тарихы институты ұжымыныӊ ғылыми еӊбектерініӊ, кітаптары мен мерзімді басылымдардыӊ көрмесі өткізіледі.

Өтетін уақыты: 15 қаӊтар 2019 жыл, сағат 11.00.

Өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Керей және Жәнібек хандар көшесі, 18, Тілеп-Қобыз сарайыныӊ залы.

Ұйымдастырушы: ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институты.
Просмотров: 6083

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter