Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
20 қыркүйек 2017
  • 22
  • :
  • 53
17:00

Қарағандыда облыс әкімініӊ "Тіл жанашыры" сыйақысын табыстау рәсімі өтті13.09.2017
Қоғам  19:12
Қарағанды. 13 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қарағанды қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халықтарыныӊ тілдері күні қарсаӊында салтанатты шара өтті. Қарағанды облысыныӊ әкімі Ерлан Қошанов бұл мерекеніӊ маӊыздылығы туралы айтты. Ол мемлекеттік тілді насихаттаушыларға қолдау көрсетіп, оны үйренгісі келгендерге көмектесу керектігін атап өтті.

"Қазақ тілі" қоғамында өз кеӊсесі жоқ екенін естіген соӊ, Ерлан Қошанов оған қажетті ғимарат табуды тапсырды.

- Біз бүгін тіл саясатын қолдау керектігі туралы жиі айтамыз. Осы жерде біз "Тіл жанашыры" сыйлығын табыс ету салтанатына жиналдық. "Тіл жанашыры" деген сөздіӊ өзі тілімізге бар жанымызбен қолдау көрсетіп, жанымыз ашу керек дегенді білдіреді. Тілді үйренуге мониторинг жасаумен айналысатын арнайы орган немесе орталық құру қажет, - деді Ерлан Қошанов. - Жәнеде мен жуырда ғана Қазақ тілі қоғамында өз кеӊсесі жоқ екенін білдім. Осылайша біз қолдау көрсететінімізді білдіріп жатырмыз ба сонда?

Облыс әкімі өзініӊ орынбасарына жақын арада бұл мәселені шешуді тапсырды.

"Қазақ тілі" халықаралық қоғамы 1989-шы жылы құрылған болатын. Қарағандыда оныӊ филиалы қызмет етеді. Қоғам сөздіктер құру, ғылыми-әдістемелік құралдар мен оқулықтар шығарумен, қазақ тілін латын қарпімен оқуды насихаттаумен айналысады.

Сондай-ақ, Қарағандыда Достық үйінде облыс әкімініӊ "Тіл жанашыры" сыйақысын табыстау рәсімі өтті. Бұл марапат мемлекеттік тілдіӊ дамуына қосқан үлес үшін беріледі.

Сайыс ұйымдар мен мекемелер қырметкерлері, мемлекеттік қызметкерлер, журналистер мен жастар арасында өтеді. Биыл 7 номинация бойынша 200 жуық адам бақтарын сынады.Ұйымдастырушылар үш жаӊа номинация қосқан: "Тіл білгірі", "Жас полиглот" және "Мемлекеттік тіл бизнесте".

- Тілдер күні тек Қазақстанда ғана тойланады, күллі әлемде мұндай күн жоқ. Бұл тіл саясатыныӊ еліміз үшін қаншалықты маӊызды екенін айғақтайды. Жыл сайын жастар арасында тілге деген қызығушылықтыӊ артуы қуантады. Елбасы бір сөзінде: "Қазақстанныӊ болашағы қазақ тілінде" - деген еді. Мен болашақ жастардыӊ қолында екеніне қуанамын, - деді Ерлан Қошанов марапаттау рәсімінде.

Алты лауреат 300 мыӊ теӊге көлеміндегі сыйақыға ие болды. Бас жүлде "Тіл майталманы" номинациясыныӊ көлемі 1 млн теӊгені құрады.

Облыс әкімініӊ "Тіл жанашыры" сыйақысы жыл сайын Қазақстан халықтарыныӊ тілдері күні қарсаӊында табысталады.

Жеӊімпаздар тізімі мынадай:

"Тіл майталманы" - Ерсін Мұсабеков, облыстық "Орталық Қазақстан" газеті бас редакторыныӊ орынбасары;

"Мемлекеттік тіл - мемлекеттік қызметте" - Динар Жумагельдина, Қарағанды облысы әкімі аппаратыныӊ "Қоғамдық келісім" коммуналдық мемлекеттік мекемесініӊ тіл маманы;

"Тіл жаршысы" - Нина Крамер, "Индустриальная Караганда" облыстық газетініӊ тілшісі;

"Үздік телехабар" - Руслан Тұрсынғалиев, "Qazaqstan" ұлттық арнасыныӊ облыс бойынша меншікті тілшісі;

"Тіл білгірі" - Анастасия Бережнова, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетініӊ студенті;

"Жас полиглот" - Ерболат Мукарам, коммерциялық авиация пилоты;

"Мемлекеттік тіл бизнесте" - Венера Исина, "Нұрәсем" сән үйініӊ бас директоры.
Просмотров: 1247

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter