Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
14 қараша 2018
  • 02
  • :
  • 55
17:00

"Қазақфильм" "Күлтегін" толықметражды анимациялық фильмініӊ трейлерін жариялады08.11.2018
Қоғам  18:06
Алматы. 8 қараша. Kazakhstan Today - Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы интернетке "Күлтегін" атты толықметражды анимациялық фильмініӊ бірінші трейлерін салды. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша жарыққа шыққан бұл туынды жалпыұлттық прокатқа қарашаныӊ 22-сінен бастап шығады.

Жас режиссер-аниматор Адай Әбілданыӊ қолынан шыққан аталмыш тарихи анимациялық туынды көшпенді халықтардыӊ басын біріктіріп, Ұлы көшпенділердіӊ дәстүрін жалғастырған түрік қағанатыныӊ даӊқты әскери қолбасшысы Күлтегінніӊ жастық шағы туралы баяндайды.

- "Күлтегін" фильмі ата-бабаларымыздыӊ жанқиярлық ерлігі, бірлігі мен ауыз біршілігі туралы. Күлтегін- бұл тұтас бір дәуірдіӊ тарихи тұлғасы. Сондықтан да біздіӊ басты мақсатымыз - сол кездегі мәдениетті ашып көрсету ғана емес, сонымен қатар мультипликация арқылы жас көрермендеріміздіӊ тарихқа деген қызығушылығын арттыру, - деді Адай Әбілда.

Жас ұрпақты мейірімді, қайырымды болуға, сонымен қатар Отанды сүюге тәрбиелеуді алдына мақсат қойған режиссер Адай Әбілданыӊ осыған дейін де түсірген қысқаметражды фильмдері көптеген Халықаралық фестивальдерде көрсетіліп, жүлделі орындардан көрінген.

- Өкінішке орай, бүгінде отандық телеарналар негізінен балаларымыза теріс тәрбие беретін шетелдіӊ мультфильмдерін көрсетіп жүр. Соӊғы кездері балаларды мейірімділікке шақыратын мультфильмдер жоқтыӊ қасы. Ол фильмдерде әдемі ашық бояулар да, жарылыстар да, қызықты кейіпкерлер де бар, бірақ еӊ бастысы - мән-мағынасы жоқ. Әдемі қағазға оралған кәмпит сияқты, ал ішінде ешнәрсе де жоқ. Бұндай үрдісті тоқтату қажет. Өзімізді ұлттық кейіпкерлеріміз керек, - деді режиссер.

Фильм туралы:Ұлы түрік мемлекетіне ыдырау қауіпі төнеді. Түркілердіӊ бірлігін сақтап қалан Ұлы Елтеріс қаған жаӊа мемлекетті құруды көздеген сатқындардыӊ қолынан мерт болады. Тақтыӊ мұрагері Елтерістіӊ ұлы 12 жасар Күлтегін қашып құтылады. Өзініӊ туған жеріне оралу үшін ол көптеген қиындықтарды басынан өткізеді. Бұл жолда оған түркілердіӊ жебеушісі Көк Бөрі мен туған бауыры Білге көмекке келеді. Басы біріккен олар жауды жеӊіп түркі ілемін құтқарып алады. Білге қағанды таққа отырғызған Күлтегін түркі мемлекетініӊ әскери қолбасшысы атанады.

Ұзақтығы: 60 минут

Тілі:қазақ тілінде

Қоюшы режиссер: Адай Әбілда

Сценарий авторлары: Адай Әбілда, Жәнібек Нұрбекұлы

Қоюшы суртшілер:Қасиет Сақиолла, Жәнібек Нұрбекұлы, Адай Әбілда

Композиторы:Әсет Дәненов

Дыбыс режиссері: Евгений Селюков

Редакторы:Салтанат Дүнгенбаева

Кеӊесшілер: Тамара Мұқанова, Едіге Тұрсынов

Продюсер: АдайӘбілда

Директоры:Айбике Рақымжанова

Аниматорлар:АбзалИнсебаев, Қуаныш Нағгыз, Мейіржан Төлепбай, Шаттық Тұрсынали, ҚасиетСақиолла, ЕрмекМананбаев, ЖақсыбекКәміл, Бағдар Жынсабек, Қали Бақытхан, ГүлжанҚаділбек, Мариям Қалибек, ТемірланКенжеғалиев, КұнанбайӘбелдинов, Жанәділ Байдарбек, ШыӊғысСапар

Рөлдерді дыбыстаған: Мерей Әжібеков, АзаматҚанапия, БақытжанЖармұхамбетов, ГүлназӘуесбаева, Руслан Ахметов, Динара Әбікеева, НүкетайМышбаеважәне басқалары.

Режиссер туралы:

Абай Әбілда Павлодар облысында дүниеге келді. 2009 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын бітірген. Режиссер-аниматор, өнертану магистрі, "Astana film" ЖШС құрылтайшысы және директоры, Мемлекеттік "Дарын" жастар жүлдесіні лауреаты, халықаралық "Жастар" шығармашылық жастар фестивалініӊ лаураеаты, Қазақстан кинематографистер одағыныӊ мүшесі.

Фильмографиясы: "Қоӊырау" (2009 ж.), "Мико" (2009 ж.), "Аӊшы" (2010 ж.), "Көкбалақ" (2011 ж.), "Жерұйық" (2013 ж.), "Кілем үстіндегі қала" (2014 ж.), "Күлтегін" толықметражды анимациялық фильмі, "Мұзбалақ" толықметражды анимациялық фильмі (қоюшы суретші).

Жүлделері: "Үздік студенттік жұмыс" ("Шәкен жұлдыздар" ХКФ, 2009), "КРОК" фестивалініӊ жүлдесі (Мәскеу, 2010),"Ислам киносы" фестивалініӊ жүлдесі (Казань, Татарстан, 2011), "Бастау"ХКФ бас жүлдесі(Алматы,2011), "Карлыгаш"кинофестивалініӊ жүлдесі(Алматы, 2016).

Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ - көркем, деректі, анимациялық кино өндірісі мен өндірістен кейінгі кезеӊде тұрған өнімдермен (оныӊ ішінде монтаждау, дыбыстау, т.б.) айналысатын Қазақстандағы негізгі кинокомпания. Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясыныӊ тарихы 1934 жылдан бастау алады, дәл осы жылы Алматы кинохроника студиясы құрылды, ал 1941 жылы Алматы көркем фильмдер студиясы деп өзгертіліп, киностудияныӊ өндірістік негізі барынша нығая түсті. 1941 жылы 15 қарашада Алматы киностудиясы Қазақстанға эвакуацияланған "Мосфильм" және "Ленфильм" киностудияларымен бірлесіп, Бірлескен Орталық киностудия болып қайта құрылып, Алматыда 1944 жылғы дейін жұмыс істеді. Соғыс жылдары кезеӊінде отандық көркем фильмдердіӊ 80 пайызын аталмыш Орталық киностудия шығарды. 1960жылы "Қазақфильм" атауына ие болды. 1984 жылы киностудияға ұлттық кинематографияныӊ көрнекті қайраткері Шәкен Аймановтыӊ есімі берілді.
Просмотров: 3040

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter