Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
14 қараша 2018
  • 02
  • :
  • 12
17:00

Павлодар және Батыс Қазақстан облыстары Түркістанға тарихи киелі орындардыӊ орталығын салып береді08.11.2018
Қоғам  18:10
Түркістан. 8 қараша. Kazakhstan Today - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ хаттамалық тапсырмасын орындау шеӊберінде Түркістан қаласына алғашқы болып Павлодар облысыныӊ сәулет және қала құрылысы басқармасыныӊ басшысы Нұрлан Қақамбетов пен Батыс Қазақстан облысыныӊ құрылыс басқармасыныӊ басшысы Алтынбек Қайсағалиев келді.

Қала қонақтары облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтыӊ қабылдауында болып, "Түркістан облысыныӊ тарихи-киелі орындарыныӊ орталығы" ғимаратыныӊ құрылысы бойынша мәжіліске қатысты.

"Елбасы тапсырмасына сәйкес, Түркістан қаласында салынатын нысандарды талқылап, зерделеуге еӊ алғашқы болып Павлодар мен Батыс Қазақстан облысыныӊ өкілдері келіп отыр. Ол үшін Сіздерге және Павлодар облысыныӊ әкімі Болат Бақауов пен Батыс Қазақстан облысыныӊ әкімі Алтай Көлгіновке алғысымды білдіремін. Алдымен алаӊдағы тарихи ескерткіштердіӊ орналасу тәртібі реттелу керек. Туристерге және қала тұрғындары үшін ыӊғайлы болу үшін сауда орындары жұмыс жасап, отбасылық серуендеуге жан-жақты жағдай жасалуы тиіс. Орталықта бой көтеретін кешендердіӊ дәлме-дәл көшірмесініӊ биіктігі шамамен 3-4 метр болады. Қойылған тапсырманы тиянақты орындау үшін үшжақты келісімге келіп, жол картасын әзірлейміз", - деді Жансейіт Қансейітұлы.

Жиын барысында өӊір басшысы құрылыс жұмыстары биыл басталу керектігін атап өтті. Өз кезегінде қала қонақтары жаӊа облыс орталығыныӊ көркеюіне барынша қолдау көрсетуге дайын екендерін жеткізді.
Просмотров: 2933

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter