12.04.2024, 16:24 107211

Қазақстанға бидайды әкелуге тыйым салу ұзартылды

Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 11 сәуірдегі №125 бұйрығымен бидайды Қазақстан Республикасына, оның ішінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерден тек қана өндіріс пен тұтыну үшін құс шаруашылығы және ұн тарту кәсіпорындарының атына темір жол көлігімен жеткізуді қоспағанда, автомобиль, су және темір жол көлігімен әкелуге тыйым салу белгіленді. Уақытша тыйм 2024 жылдың 12 сәуірінен бастап 6 ай мерзімге енгізіледі, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.

Тыйым Қазақстан аумағы арқылы бидайды темір жол көлігімен транзиттік тасымалдауға және ұн тарту мен құс шаруашылығы кәсіпорындарына бидайды әкелуге қолданылмайды.

Әкелінген бидай ішкі және сыртқы нарықтарда сатуға жатпайды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны