16.04.2024, 16:23 114086

Жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алу қағидаларына өзгерістер енгізілді

Жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алу қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінен.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі О. Бектеновтың 2024 жылғы 21 ақпандағы заңдарда және өзге де нормативтік құқықтық актілерде ірі кәсіпорындардың сатып алуларындағы елшілік құндылықтың үлесін арттыру тапсырмасын орындау мақсатында Энергетика министрлігі жер қойнауын пайдаланушылардың және олардың көмірсутектерді барлау немесе өндіру және уран өндіру жөніндегі операцияларды жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына өзгерістер енгізді.

Аталған өзгерістер:

- жер қойнауын пайдаланушылар тауарларды сатып алу кезінде ескеретін Отандық тауар өндірушілердің міндетті тізілімін енгізу;

- тізілімде жалғыз отандық тауар өндіруші болса, одан тауар сатып алу бір көзден алу әдісімен жүзеге асырылады;

- тізілімде екі және одан да көп отандық тауар өндірушілер болса, тауар сатып алу олардың арасында ғана жүзеге асырылады (қазақстандық тендер);

- тауар өндіруші міндетті түрде оқшаулау бағдарламасын ұсынатын және оның Қазақстан аумағында өндірілуін қамтамасыз ететін, 5 (бес) жылдан аспайтын мерзімге жасалған импорттық тауарды сатып алуға арналған келісімшарт.

Осылайша, бұл өзгерістер жер қойнауын пайдаланушылар тарапынан отандық тауар өндірушілерден тауар сатып алуды арттыруға мүмкіндік береді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны