12.04.2024, 10:14 33766

Қазақстандағы су тасқыны: сегіз аймақта ТЖ режимі жалғасуда

Қазақстандағы су тасқыны: сегіз аймақта ТЖ режимі жалғасуда
Сурет: gov.kz
8 өңірде төтенше жағдай режимі жалғасуда. 3,5 мыңға жуық жекеменшік үй су астында қалды. 67 елді мекен көлік қатынасынсыз қалып отыр, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.

Күштер мен техниканың қосымша топтары жасақталды. Қиын жағдайға тап болған өңірлерге көмек көрсету үшін оңтүстік өңірлерден әскери қызметшілер жұмылдырылды. Сонымен қатар бірқатар облыстарда келтірілген залалды есептеу бойынша өңірлік комиссиялар жұмыс істеуде.

Вице-премьер, Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны салдарын жою жөніндегі республикалық штаб меңгерушісінің орынбасары Қанат Бозымбаев атап өткендей, тиісті комиссиялар жұмысы аяқталғаннан кейін тұрғын үйлерді жөндеуге және салуға өтемақы төлей бастайды.

Су тасқынынан зардап шеккендердің басқа да мүлкі мен мал шығынын өтеу мәселелері жақын арада шешімін табады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны