Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
23 қараша 2017
  • 06
  • :
  • 05
17:00

Ақмола облысыныӊ әкiмi әкімі жұмыс сапарымен Атбасарға барды14.11.2017
Государство  17:29
Көкшетау. 14 қараша. Kazakhstan Today - ҚР Үкiметiнiӊ қаулысымен Атбасардағы көктемгi су тасқынынан зардап шеккендерге арналған үйлердiӊ құрылысы мен мектеп және қала сыртындағы лагерьдi күрделi жөндеуге қаржы бөлiндi.

Ақмола облысыныӊ әкiмi әкiмi Мәлiк Мырзалин кеше Атбасарда көктемгi су тасқынынан кейiнгi қалпына келтiру мақсатында атқарылған кешендi жұмыстар барысымен танысты. Атап айту керек, бүгiнгi күнi Атбасарда су шайып кеткен Атбасар-Қима тас жолы бойындағы көпiр қалпына келтiрiлiп, темiр жол көпiрi де реттелген. Сондай ақ өзен бойындағы қар суы өтетiн көпiрлерде тазалау жұмыстары жүргiзiлген.

ҚР Үкiметi қаулысымен күнi кеше Үкiмет резервiнен 1 911,9 млн теӊге қаржы Атбасардағы көктемгi су тасқынынан зардап шеккендерге арналған алты 45 пәтерлi тұрғын үй құрылысына бөлiндi.

Аймақ басшысы құрылыс нысанында болып, мердiгер компания басшыларына сапаға ерекше назар аударып, нысанды уақытылы тапсыруды жүктедi.

Мұнымен қоса, былтыр су астында қалған мектеп пен аудандағы жалғыз жазғы лагерьдi күрделi жөндеуге Үкiмет қаулысымен қосымша 211 млн теӊге қаржы бөлiндi. Сапары барысында Мәлiк Мырзалин, тасқынынан зардап шеккен тұрғындармен де кездесiп, олардыӊ сұрақтарына жауап бердi.
Просмотров: 1480

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter