Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
22 қаңтар 2019
  • 10
  • :
  • 34
17:00

Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Сингапурге барды23.11.2018
Государство  19:32
Астана. 23 қараша. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасымен Қазақстан Премьер-Министрі Б. Сағынтаев жұмыс сапарымен Сингапурге барды.

Жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстан - Сингапур бизнес-форумына қатысып, Сингапурдыӊ Премьер-Министрі Ли Сянь Лунмен кездесу өткізді, сонымен қатар жетекші инновациялық компаниялармен Қазақстан экономикасын үшінші жаӊғырту аясындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.

Бұдан өзге, бірқатар нысанды аралады, олардыӊ қатарында HDB тұрғын үй құрылысы кеӊсесі, А*Star ғылым, технологиялар және зерттеулер агенттігі, Biopolis ғылыми-зерттеу орталығы, Fusionopolis стартап-хабы, сондай-ақ, Modelfactory@SIMTech зауыты бар.

Қазақстан - Сингапур бизнес-форумына екі елдіӊ іскерлік орталарыныӊ 500-ге жуық өкілі, мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардыӊ басшылары қатысты. Іс-шара аясында сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту, Қазақстан мен Сингапурдыӊ бизнес құрылымдарыныӊ өзара іс-қимылыныӊ басым бағыттарын дамыту және перспективалық инвестициялық жобаларды іске асыруға қатысты ауқымды мәселелер бойынша пікір алмастырылды.

Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев "Құбылмалы Еуразиядағы Қазақстанныӊ рөлі" пленарлық сессиясында сөз сөйлеу барысында, Сингапурдыӊ Қазақстанныӊ Оӊтүстік-Шығыс Азиядағы аса маӊызды сауда-экономикалық серіктестерініӊ біріне айналғанын атап өтті. Бүгінгі таӊда өӊдеу өнеркәсібі, сауда, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, құрылыс және қаржы салаларында бірлескен кәсіпорындар жұмыс істейді. Сонымен қатар, бизнес-форумныӊ қатысушыларына Қазақстанға инвестиция салудыӊ жаӊа мүмкіндіктері туралы мәлімет берілді. Инновациялар, көлік және логистика, тұрғын үй құрылысы, сондай-ақ өӊдеу өнеркәсібін және шикізаттық емес экспортты дамыту бағыттары бойынша ынтымақтастықты дамытудыӊ әлеуеттері аталып өтті.

Қазақстан Үкіметі сингапурлық компанияларды белсенді ынтымақтастық орнатуға және жаӊа бірлескен жобаларды іске асыруға, оған қоса, "Астана" халықаралық қаржы орталығыныӊ жұмысына және жекешелендіру бағдарламасына қатысуға шақырады.

Бұдан өзге, форум барысында АХҚО Әкімшілігініӊ басқарма төрағасы Н. Құсайынов, "Зерде" ҰИХ" АҚ басқарма төрағасы Е. Дүрмағамбетов, "Kazakhstan Asia Pacific Trade and Investment Chamber (KAPTIC)" президенті О. Жиенқұлов, "Kazakh Іnvest" ҰК басқарма төрағасы С. Тұяқбаев, АХҚО Халықаралық сот және Халықаралық арбитраж орталығыныӊ бас директоры Кристофер Кэмпбел-Холт, АХҚО Әкімшілігініӊ банкинг бойынша басшысы Хайнер Р.Т. Хартвич, Paladigm Capital Pte Ltd басқарма төрағасы Д. Қарасаев, Kusto Group директорлар кеӊесініӊ төрағасы Е. Тәтішев сөз сөйледі.

Өз кезегінде, сингапур тарапынан спикер ретінде Сингапурдыӊ құрметті министрі, бұрынғы Премьер-Министрі Го Чок Тонг, Сингапур Республикасыныӊ сауда және индустрия жөніндегі аға мемлекеттік министрі Ко По Кун, Singapore Cooperation Enterprise басқарма төрағасы Конг Ви Мун, Оӊтүстік-Азия зерттеулері институтыныӊ (ISAS) бас ғылыми қызметкері, Сингапур ұлттық университеті, Бангладештіӊ бұрғынғы сыртқы істер министрі Д-р Ифтехар Ахмед Чоудхури, Meinhardt Group басқарма төрағасы Шахзад Насим, Food Empire басқарма төрағасы Тан Ванг Чу, CG Corp Global атқарушы директоры Варун Чаудхури сөз сөйледі.

Өзара іс-қимылды тереӊдету перспективалары "Қазақстан - Сингапур іскерлік ынтымақтастығыныӊ әлеуетін зерделеу", "Қазақстандағы инвестициялар: тетіктер және тәжірибе" атты тақырыптық сессияларыныӊ аясында талқыланды. Бұдан өзге, форум алаӊдарында Road Show және бірқатар іскерлік екіжақты кездесулер өткізілді.

Бизнес-форумныӊ маӊызды нәтижесі инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы үкіметаралық келісімге, сондай-ақ АКТ және қаржы технологиялары, құрылыс, білім, мұнай-газ химиясы және тамақ өнеркәсібі салаларындағы Қазақстан мен Сингапур арасындағы ынтымақтастықты жандандыруға бағытталған басқа да құжаттарға қол қою болды.

Қорытынды құжаттар:

o Қазақстан Республикасыныӊ және Сингапур Республикасыныӊ Үкіметтері арасындағы дипломатиялық және қызметтік/ресми паспорттардыӊ иелеріне визалық талаптардан өзара босату шарттары туралы келісім;

o ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мен Сингапурдыӊ ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласындағы ынтымақтастық жөніндегі агенттігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

o "Астана" халықаралық қаржы орталығы мен CRIMSONLOGIC PTE LTD арасындағы Open Trade Blockchain өнімін енгізу бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;

o "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ мен ENTERPRISE SINGAPORE BOARD арасындағы венчурлық қаржыландыру саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

o "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ, ABC-I2BF Seed Fund ЖШС және PALADIGM CAPITAL PTE. LTD арасындағы венчурлық қор құру ниеті туралы меморандум;

o "Кредит24" ЖШС және POCKET MONEY PTE. LTD арасындағы қаржылық қызметтер үшін технологияларды және бағдарламалық шешімдерді бірлесіп дамыту бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;

o "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ және Singapore Cooperation Enterprise арасындағы тұрғын үй құрылысы және қолжетімді баспана саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

o "Kazakh Invest" АҚ және International Cement Ltd, Alacem LLP арасындағы Алматы облысында цемент зауытын құрастыру жобасын іске асыру бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;

o "Kazakh Invest" АҚ және KinderWorld International Group Ltd. арасында ҚР-да 12 жылдық бағдарлама бойынша мектепке дейінгіден бастап орта мектепте білім беруге дейін Сингапур білім беру орталығын ашу бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;

o "Kazakh Invest" АҚ және Pegasus Education Group Pte. Ltd арасындағы ҚР-да орта кәсіптік білімнен жоғары білімге дейін Сингапур білім беру метрополисін ашу бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;

o "Kazakh Invest" АҚ және WESTGASOIL PTE. LTD арасындағы метанол және олефиндер шығару зауытыныӊ құрылысы жобаларын сүйемелдеу бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;

o "Kazakh Invest" және CG FOODS GLOBAL Pte. Ltd, Lotus Food LLP арасындағы жылдам дайындалатын кеспе шығару жобасын іске асыру бойынша өзара түсіністік туралы меморандум.

Жұмыс сапары аясында Бақытжан Сағынтаев Сингапур Премьер-Министрі Ля Сянь Лунмен кездесу өткізді. Әӊгіме барысында сыртқы сауда айналымыныӊ оӊ динамикасы атап өтілді: өткен жылдыӊ қорытындылары екіжақты тауар айналымыныӊ 35%-ға артуын көрсетіп отыр. Сонымен қатар, ынтымақтастықтыӊ барлық бағыттары бойынша өзара іс-қимылды одан әрі ұлғайту үшін зор әлеуеттіӊ бары атап өтілді. Атап айтқанда, инновациялар және АТ, көлік және логистика, индустрияландыру, құрылыс, білім және ғылым, денсаулық сақтау салаларында ынтымақтастық орнатуға болады.

Тараптар елдер арасында цифрландыру, "ақылды қалаларды" ілгерілету, инновациялық желі құру мен киберқауіпсіздікті дамыту бойынша ынтымақтастық орнату үшін ашылып отырғаны кеӊ мүмкіндіктердіӊ міндеттерін айқындады. Б. Сағынтаев ынтымақтастықты одан әрі дамытуға тарихи тұрғыдан Қазақстан Президенті Н. Назарбаев пен Сингапурдыӊ негізін қалаған тұлға Ли Куан Юдіӊ жеке достығына негізделген екі ел арасында орнаған жылы қарым-қатынас та, халықаралық мәселелер мен әлемдік дамуға қатысты тәсілдерініӊ ұқсастығы да ықпалын тигізетінін атап өтті. Қазақстан мемлекетті Сингапур мен басқа да дамыған озық елдердіӊ көптеген әдістемелері мен тәжірибелерін алу арқылы жаӊғырту жолымен келе жатыр.

Сингапурде сонымен қатар ынтымақтастықты дамытудыӊ көптеген мәселелері мен бірлескен жобаларды іске асыру бойынша ірі инновациялық компаниялардыӊ өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесулер өтті.

"Meinhardt Group" басқарма төрағасы Шахзад Насиммен кездесуде қаланы жоспарлауда озық технологияларды енгізу саласындағы бірлескен инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру мүмкіндіктері талқыланды.

KinderWorld International Group басқарма төрағасы Тан Тек Ионгпен кездесу барысында үздіксіз білім беруді дамытуда жоғары стандарттар мен жаӊа тәсілдерді енгізу саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері қаралды.

Barrington Capital Partners компаниясыныӊ құрылтайшысы, Westgasoil компаниясыныӊ бас директоры Лим Рен Цзэ мен әӊгіме Қазақстанда мұнай-газ химиясы жобаларын іске асыру мәселелеріне арналды.

Штаб-пәтері Сингапурде орналасқан Meinhardt компаниясыныӊ бүкіл әлем бойынша энергетика, мұнай-газ саласы, сумен жабдықтау, көлік, тұрғын үй құрылысы, денсаулық сақтау, білім, спорт т.б. тәрізді экономика сегменттерінде нысандарды жобалау және салу саласында 60 жылдық тәжірибесі бар.

KinderWorld мектебін халықаралық ұйымдар: Сингапур емтихандау және бағалау кеӊесі, (SEAB), Кембридж университеті, ACT білім беру шешімдері аккредиттеген. KinderWorld беделді бағдарламалар сертификатын табыстауға, оныӊ ішінде iPSLE (халықаралық бастапқы білім емтиханы), IGCSE (халықаралық орта білім жалпы сертификаты) және GAC (жаһандық бағалау сертификаты) бойынша емтихандар өткізеді. Бұл мектептердіӊ түлектеріне әлемніӊ 100 үздік университетіне түсуге қажетті білімді алуға мүмкіндік береді.

Barrington Capital Partners - Азиядағы келісімдер бойынша жетекші сингапурлық инвестициялық компания. Бұл компания жобалық капитал құру үшін қаржыландыру көздерін іздеумен айналысады. Компания келесі салаларда ұсынылған, $2 млрд дейінгі жобаларды құрылымдастырады - жылжымайтын мүлік, қаржылық қызметтер, қонақ үйлер, мұнай, газ, білім беру, технология, азық-түлік өнімдері т.б. "Westgasoil" компаниясы Атырауда "ҰИМТ" АЭА аумағында екі газ химиясы жобасын іске асыруда.

Қазақстан Премьер-Министрі Сингапурға жұмыс сапары аясында бірқатар нысандарға барып, заманауи технологиялармен және инновациялармен танысты. Олардыӊ ішінде HDB Сингапурды дамыту және тұрғын үй құрылысы кеӊесініӊ кеӊсесі, "Fusionopolis" стартап-хаб, "Biopolis" биомедициналық ғылымдар орталығы, Сингапурдыӊ сауда және өнеркәсіп министрлігініӊ ғылым, технологиялар және зерттеулер агенттігі ("А*Star"), сонымен қатар Modelfactory@SIMTech "үлгі зауыты" бар.

HDB кеӊсесіне барған Б. Сағынтаевқа Сингапурдыӊ тұрғын үй құрылысы саласындағы тәжірибесі мен халықты сапалы және қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету, мемлекет тұрғындарыныӊ барынша ыӊғайлы өмір сүруі үшін қажетті инфрақұрылымды құрудағы негізгі жұмыс қағидасы таныстырылды.

Сингапурдыӊ сауда және өндіріс министрлігініӊ "A*Star" ғылыми, технология және зерттеу агенттігіне сапары барысында ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев жасанды зерде, технологиялар және инжиниринг, биомедицина, экономика және қызметтерді цифрландыру саласындағы ғылыми-зерттеу және инновациялық жобаларды жүзеге асыруға бағытталған технологиялық мүмкіндіктермен танысты. Агенттік Biopolis және Fusionopolis атты екі үлкен халықаралық зерттеу және өӊдеу орталықтарын дамытумен айналысады.

Молекулярлық биология, қатерлі ісік ауруы, ДНҚ-ныӊ діӊгек жасушалары мен жаӊа дәрі-дәрмекті зерттейтін әрі буындарға арналған титан импланттарын жасайтын "Biopolis" биомедицина орталығыныӊ техникалық жабдықталуына ерекше назар аударылды.

Fusionopolis стартап-хабына барған Б. Сағынтаев қазіргі заманғы ғылыми іс-шаралармен, жаһандық проблемаларды шешудегі жаӊашылдық пен заманауи технологиялар саласындағы атқарылып жатқан ғылыми шаралармен танысты. Инвестициялық платформа АT саласында маӊызды ынтымақтастық пен халықаралық серіктестіктіӊ қолайлы ортасын қалыптастырады.

Modelfactory@SIMTech зауытында Премьер-Министр шынайы өндірістік ортаға еліктеу арқылы цифрландыру технологияларын зерттеп, тәжірибе жүргізуге мүмкіндік беретін заманауи құрылғылармен танысты. Атап айтқанда, өндірістегі мәселелерді туындағанға дейін болжау. Б. Сағынтаевқа өндірістік тізбек кезінде барлық шешім қабылдау үшін ақпаратты жинап әрі оны өӊдеуге мүмкіндік беретін өндірісті бақылау диспетчерлік мұнарасы да таныстырылды.

Тұрғын үй құрылысы және даму кеӊесі (Housing and Development Board, бұдан әрі - HDB) 1960 жылы мемлекеттік тұрғын үй саясатында бірыӊғай оператор ретінде құрылды. HDB тұрғын үй мәселесін шешуде халықтыӊ аз қамтылған сегменттеріне көмек көрсету бағдарламаларын іске асыруды көздейді (табысы төмен азаматтар, жалғызбасты аналар, зейнеткерлер мен мүгедектер тобы), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй секторындағы ережелер мен нормалардыӊ сақталуын бақылайды. HDB құрылған сәттен бастап, 23 ауданда 1 миллионнан астам пәтер салынды, онда Сингапур халқыныӊ 80%-ы тұрады.

Ғылым, технологиялар және зерттеулер агенттігі (A*Star) ғылыми зерттеу және инновацияны қолдауда Сингапурдыӊ жетекші агенттігі болып саналады. A*Star мемлекеттіӊ ғылым мен технология саласына жетекшілік етеді. Агенттік құрамында биомедициналық, физикалық және техникалық ғылымдар саласында 18 ғылыми-зерттеу институты мен Biopolis и Fusionopolis технологиялық парктерінде орналасқан алты консорциум бар.

Biopolis биомедицина ғылымы саласындағы зерттеулер мен әзірлемелердіӊ халықаралық орталығы ретінде өз институттарына АҚШ, Еуропа, Жапония, Ресей мен басқа елдердіӊ жетекші ғалымдарын тартады. Орталықта мемлекеттік ғылыми-зерттеу институттарымен қатар, Novartis, Danone, Abbott және Procter & Gamble секілді компаниялардыӊ корпоративті зертханалары орналасқан. Онда денсаулыққа пайдалы әрі қауіпсіз өнімдерді әзірлеу бойынша зерттеулер жүргізіледі.

Fusionopolis - Сингапурдыӊ жаӊа ғылыми мегажобасы. Технопарк - ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, бұқаралық ақпарат құралдары, физикалық ғылымдар мен машина жасау саласында ғылыми-зерттеу және өндірістік қызмет біріктірілген ғылыми-зерттеу кешені.

Modelfactory@SIMTech зауыты өнімді өндіру кезінде туындаған мәселелерді имитациялау арқылы жұмыс істейтін өнімділік көлемі шағын, алайда технологиялық жарақтануы жоғары толық функционалды өндірістік желі. Зерттеу тұрғысынан, "үлгі зауыт" кибер-физикалық өндіріс жүйелері және өндірістіӊ үш деӊгейінде, атап айтқанда, цехта, кәсіпорын мен жеткізу тізбегінде икемді автоматтандыру сияқты маӊызды технологияларды әзірлеу үшін мінсіз алаӊ болып саналады.

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтыӊ Қазақстан - Сингапур бизнес форумында сөйлеген сөзі:

Бүгін Сингапурде екі елдіӊ іскерлік орталарыныӊ 500-ден астам өкілініӊ қатысуымен Қазақстан-Сингапур бизнес-форумы өтті. Шара сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту және Қазақстан мен Сингапурдыӊ бизнес-құрылымдарыныӊ өзара іс-қимылыныӊ басым бағыттарын дамту мәселелерін талқылауға бағытталған. Қазақстан Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев форум қатысушыларына сөзін арнады.

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

Сіздерді біздіӊ форумда көргеніме өте қуаныштымын!

Біз екі елдіӊ арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнауыныӊ мерейтойлық жылында жүздесіп отырмыз.

Бұдан тура 25 жыл бұрын Сингапурдыӊ бірінші Премьер-Министрі Ли Куан Юдыӊ Қазақстанға тарихи сапарынан кейін біз ұзақ жылдарға достық қарым-қатынас орнаттық.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ли Куан Ю мырзамен достықты жоғары бағалайды, біздіӊ халқымыз Сингапур мемлекетініӊ негізін қалаған тұлғаныӊ өзара сенім мен құрметке лайық мызғымас қарым-қатынастар орнатудағы қомақты үлесін ешқашан ұмытпайды.

Бүгінде Сингапур Қазақстанныӊ Оӊтүстік-Шығыс Азиядағы аса маӊызды сауда-экономикалық серіктестерініӊ біріне айналды.

Біздіӊ елімізде өӊдеу өнеркәсібінде, саудада, АКТ-да, құрылыс пен қаржы саласында 100-ден астам бірлескен кәсіпорындар жұмыс істейді.

Дегенмен, уақыт бір орында тұрмайды, жаӊа сын-тегеуріндермен қатар, жаӊа мүмкіндіктер де туындайды.

Әлем бетбұрыс кезеӊінде тұр.

Жаһандық қауіпсіздік пен халықаралық сауда ережелері көптеген факторлардыӊ қысымына ұшырады. Жаӊа технологиялар мен инновациялар өмір салтына тереӊ өзгерістер енгізіп жатыр.

Осыған қарамастан, біздіӊ еліміз болашаққа сеніммен қарайды.

Президент Н. Назарбаев жаӊа өсім моделін құруға және жаӊа жаһандық шынайылық жағдайларында озық елдердіӊ топ 30-дығына кіруге бағдарланған Қазақстанныӊ Үшінші жаӊғыруы бағытын жариялады.

Еліміздіӊ цифрлық трансформациясыныӊ нақты стратегиясы іске асырылуда.

Экономикалық өсімніӊ инклюзивтігін және одан кейін барша азаматтардыӊ табысыныӊ өсімін қамтамасыз ететін екі әлеуметтік шаралар пакеті мәлімделді.

Бұл стратегияныӊ алғашқы нәтижелері де бар.

Қазақстанныӊ экономикалық өсім қарқыны орташа әлемдік қарқыннан алда келеді. 2017 жылы ел экономикасы 4,1% өсті, сондай-ақ 2018 жылдыӊ 10 айыныӊ қорытындысы бойынша 4,1% өскен. Бұл орайда, өсімніӊ 2/3 бөлігін шикізаттық емес секторлар қамтамасыз етіп отыр.

Біз инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіп, кәсіпкерлік саласындағы заӊнаманы тағы да ырықтандырдық. Жекеменшік құқығын қорғау механизмдері жақсартылды. Заӊныӊ үстемдігі қамтамасыз етілді. Бәсекелестікке қолдау жасалды. Монополия шектелді.

"Бір терезе" қағидаты бойынша инвесторлармен өзара тиімді іс-қимыл орнату үшін "Қазақ Инвест" және "Қазақ Экспорт" ұлттық компаниялары құрылды.

Бүгінде Дүниежүзілік банктіӊ "Doing Business-2019" рейтингінде әлемніӊ 190 елініӊ ішінде Қазақстан 28-орынды иеленді.

Қазақстан ЭЫДҰ Инвестициялар комитетініӊ қауымдастырылған мүшесі болды және "Халықаралық инвестициялар туралы декларацияға" қосылды.

Ынтымақтастық орнату үшін біздіӊ әлеуетіміз зор екеніне сенімдімін. Осы тұрғыдан, перспективалы бағыттарға қатысты өз болжамдарыммен бөлісейін.

Біріншіден, инновациялар саласындағы ынтымақтастық.

Өздеріӊізге белгілі, Қазақстан жаӊа технологиялар мен инновацияларды, Төртінші өнеркәсіптік революция элементтерін қарқынды енгізе бастады. Біздіӊ мақсатымыз - жалпыұлттық тетік құрып, болашақта дамуға әзірлік үшін ғылымды, инновациялар мен технологияларды пайдалану.

Бұл тақырыпта Сингапур, сөзсіз, көшбасшы позицияларға ие. Бұған Сингапурдыӊ Оӊтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері қауымдастығына сәтті төрағалық етуі; сондай-ақ жақында Сингапурде Тұрақтылық, Икемділік және Инновациялар идеяларын негізге алған 33-ші АСЕАН саммитініӊ өтуі дәлел бола алады.

Қазақстан Үкіметі сингапурлық компанияларды АТ-салаға, инновациялық цифрлық әдістер мен технологияларды жүйелі енгізу, "Смарт-Ситиді" дамыту бойынша ынтымақтастық орнатуға шақырады.

Біз үшін сингапурлық компаниялардыӊ заманауи инновациялық кластер инфрақұрылымын құрудағы тәжірибесі аса құнды. Сондықтан мен бүгін біздіӊ осы кездесуімізден кейін Fusionopolis инновациялық кластерін арнайы аралайтын боламын.

Қазақстанда біз инновациялық кластерді құрдық.

Оныӊ негіздері - Назарбаев Университеті, Инновациялық технологиялар паркі мен "Astana Hub" халықаралық АT-стартаптар орталығы.

Венчурлық қаржыландыру туралы заӊ қабылданды.

Мұныӊ барлығы инновациялық экожүйелер мен технологияларды, сондай-ақ венчурлық бизнесті дамытуға қолайлы жағдайлар тудырады.

Бүгін мен "Бәйтерек" ұлттық холдингіне Enterprise Singapore-дегі әріптестермен бірге Сингапурдыӊ көмегімен Оӊтүстік-Шығыс Азия елдеріне және ЕАЭО елдерініӊ нарықтарын қоса алғанда, кері бағытта стартаптарды ілгерілету үшін бірлескен венчурлық қор құруды ұсындым.

Көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты екінші перспективалық бағыт деп санаймын.

Қытайлық "Белдеулер және жолдар" бастамасын қолдаған алғашқы ел ретінде Қазақстан өзініӊ инфрақұрылымдық және логистикалық мүмкіндіктерін қарқынды дамытуда.

Үлкен Азияны Ресей, Каспий және Қара теӊіздер, сондай-ақ Иран мен Түркия арқылы Еуропамен байланыстыратын мультимодальды Еуразиялық трансқұрлықтық дәліз іске қосылды.

5 теміржол және 6 халықаралық автомобиль жолы Қазақстан аумағы арқылы тауар транзитін теӊіз транспортына қарағанда 2 есе тезірек жеткізуге мүмкіндік беріп отыр.

"Батыс Еуропа - Батыс Қытай" халықаралық дәлізініӊ қазақстандық бөлігі (бұл 3 мыӊ шақырым жаӊа жол) Ляньюньган портынан Санкт-Петербургке дейінгі жүктерді тасымалдау уақытын 10 күнге дейін қысқартты.

Қытаймен шекарада "Қорғас - Шығыс қақпасы" құрғақ портыныӊ заманауи қоймалары салынды. Бұл - Орталық Азиядағы еӊ ірі логистикалық парк.

Қазақстанныӊ батысында, Каспий теӊізінде Ақтау және Құрық порттарыныӊ жүктеме қуаттарын арттыратын заманауи порт инфрақұрылымы жасалды.

Мұныӊ барлығы Сингапурда ғана емес, аймақта да көлік-логистикалық кешендерді дамытуда мол тәжірибесі бар сіздердіӊ компанияларыӊыз үшін қызықты болуы мүмкін.

Үшінші бағыт - тұрғын үй құрылысы саласындағы ынтымақтастық.

Қазақстанда қазір халықты жеӊілдетілген ипотекалық несиемен, қолжетімді және сапалы баспанамен қамтамасыз етуді көздейтін кеӊ ауқымды тұрғын үй құрылысы бағдарламалары жүзеге асырылуда. Елімізде урбанизациялану процесі жүріп жатыр. Төрт ірі агломерация дамып келеді.

Қазір сіздермен кездесудіӊ алдында ғана мен Тұрғын үй құрылысы және Сингапурді дамыту кеӊесініӊ кеӊсесінде (HDB) болдым.

HDB тәжірибесі өте қызықты. Біз оны зерттеп, сингапурлық тәжірибені Қазақстанныӊ тұрғын үй саясатында қалай қолдануға болатынын қарастырамыз.

Төртінші бағыт - өӊдеу өнеркәсібі мен шикізаттық емес экспортты дамытуға арналған инвестициялар.

Біз экономиканы әртараптандыруды жалғастырып, инвесторларды металлургия, мұнай өӊдеу, химия және машина жасау саласына шақырамыз.

Бізде түрлі салалық бағыты мен артықшылықтары бар 12 арнайы экономикалық және 22 индустриялық аймақ бар.

Қазақстанда мыс, алтын және литий, ванадий, фосфат шикізаты т.б. сияқты сирек және сирек жер металдары өндірісін дамыту және барлау бойынша көптеген жобалар қолға алынған.

Біз геологиялық барлау саласына инвестициялар салуға, шикізатты байытуға және өӊдеуге арналған жаӊа технологиялардыӊ енгізілуіне қызығушылық танытамыз.

Біз агроөнеркәсіптік кешенді жаппай жаӊғыртуды бастадық. Аграрлық секторды құрылымдық реформалау және әртараптандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүкіл сала ғылыми-техникалық және технологиялық тұрғыда қайта жарақтандырылуда. Мұныӊ бәрі азық-түлік өнеркәсібіне инвестиция салуға үлкен мүмкіндік береді.

Қазақстан Үкіметі Қытаймен және басқа да көршілес өткізу нарықтарымен сауда-саттықты дамыту бойынша белсенді жұмыстар жүргізіп жатыр - бұл экспортқа бағдарланған агробизнесті инвестициялар үшін аса тартымды етеді.

Ертеӊ мен Пекинде боламын, онда біз қытайлық әріптестермен осы бағыттағы диалогымызды жалғастырамыз.

Біздіӊ экономикамыз үшін жаӊа бағыт - туризмді дамыту. Бұл мақсатта "Қазақ Туризм" мамандандырылған компаниясы құрылды, туристік инфрақұрылымды дамытуға мүдделі компаниялар үшін ерекше жағдайлар жасалған.

Қазақстанды Оӊтүстік-Шығыс Азиямен байланыстыратын жаӊа әуе рейстерініӊ ашылуына орай біз қызығушылық білдіретін сингапурлық компанияларды бірлескен туристік жобаларды жүзеге асыруға шақырамыз және Сингапурмен тікелей рейсті ашуға әзір екенімізді мәлімдейміз.

Ынтымақтастықтыӊ бесінші бағыты - Астана халықаралық қаржы орталығыныӊ жұмысына және жекешелендіруге қатысу.

Қазақстанда ірі мемлекеттік тау-кен өндіру және металлургия компанияларын, мұнай-газ саласыныӊ кәсіпорындарын, энергетика, көлік және байланыс кәсіпорындарын, инфрақұрылымды жекешелендіру науқаны жүргізіліп жатыр.

Өткен аптада АХҚО биржасында жекешелендірілген кәсіпорындардыӊ акцияларыныӊ алғашқы сауда-саттығы өтті.

"Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясы биржада листингтен өткен алғашқы компания болды; Лондон биржасындағы (LSE) табысты IPO нәтижесінде AХҚО оныӊ әлемдік уран өнеркәсібіндегі көшбасшы мәртебесін растады. Бұл Сингапур бизнесі үшін тартымды болуы тиіс.

Таяу арада IPO-ға телекоммуникация, авиация, теміржол және мұнай-газ салаларындағы ірі ұлттық активтер шығарылады.

АХҚО - бұл Орталық Еуразия аймағындағы жұмысы ағылшындық құқықпен реттелетін жалғыз қаржы орталығы. Тәуелсіз сот және Халықаралық арбитраж орталығы әділдікке, тараптардыӊ құқықтарыныӊ қорғалуына кепілдік береді. Қатысушыларға 50 жылға дейін салық жеӊілдіктері, жеӊілдетілген валюталық, визалық және еӊбек режимдері ұсынылған.

Сондықтан да Қазақстан Үкіметі сингапурлық компанияларды, банктерді және қаржы институттарын АХҚО-да бірлесіп жұмыс істеуге шақырады.

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

Бизнес үшін тиімді болатын және меніӊ ойымша, екі елді бұдан әрі жақындастыруға мүмкіндік беретін ынтымақтастықтыӊ негізгі бағыттары осындай.

Бұл тұрғыдан, инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы үкіметаралық келісімге қол қойылуы мен үшін айрықша оқиға болды.

Ұлы Ли Куан Ю бірде: "Егер мен Сингапурдыӊ табысты ел болуыныӊ сырын бір сөзбен сипаттайтын болсам, бұл сөз "сенім" болар еді. Дәл осы сенім шетелдік инвесторларға Сингапурда өз фабрикалары мен зауыттарын ашуға мүмкіндік берді" деген еді.

Бұл ой мен үшін біздіӊ Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев шетелдік серіктестермен жұмыс істеу кезінде ұстанатын негізгі қағидалардыӊ бірі: "сенімге негізделген ынтымақтастық; өзара тиімді жағдайларда бірлесіп жұмыс істеу" тәрізді, іскерлік қарым-қатынастарды орнатуда айқындаушы, аса маӊызды болып көрінеді.

Қазақстан - инвесторлар сенім артып отырған және тиімді жұмыс істеуге болатын ел!

Бір ғана факті келтірейін.

Соӊғы 10 жылда еліміздіӊ экономикасына шамамен 250 млрд доллар тікелей шетелдік инвестициялар салынған. Бұл бізді Орталық Азияда 1-орынға шығарды: аймаққа салынған инвестициялардыӊ 70%-дан астамы Қазақстанныӊ үлесіне тиесілі.

Қазақстан Үкіметі сіздердіӊ жобаларыныӊызға жан-жақты қолдау көрсетуге және түрлі мәселелер бойынша диалог орнатуға әзір.

Сингапурді белсенді ынтымақтастық орнатып, бірлескен жаӊа жобаларды іске асыруға шақырамын!

Форумныӊ барлық қатысушысына сәттілік тілеймін! Назарларыӊызға рақмет!

Қазіргі Сингапур: Ақылды ұлт, жаппай тәртіп және экономика эволюциясы

Экономикасы дамыған елдер деӊгейіне жылдам қол жеткізгені үшін Сингапурды "шығысазиялық жолбарысқа" теӊейді. Қолайлы инвестициялық ахуал, бәсекелестігі жоғары орта, экономикалық еркіндік рейтингінде жоғары орын алуы, жоғары білімді әрі тәртіпті халқы, әл-ауқатыныӊ аса жоғарыға көтерілген деӊгейі - экономиканыӊ осы артықшылықтарыныӊ барлығы Сингапурды Оӊтүстік-Шығыс Азияныӊ қаржылық және сауда орталығына айналдырды.

Сингапур: тарихы, нәтижелері, тәсілдері

Сингапур бейберекетсіздік пен этникааралық қақтығыстар жүріп жатқан кезеӊде 1965 жылы Малайзия Федерациясынан оныӊ қарсылығынсыз ғана емес, соныӊ бастамасы бойынша тәуелсіздік алды.

Сингапурдыӊ қазіргі Премьер-Министрініӊ әкесі Ли Куан Ю аралды 1959-1990 жж. басқарды. Ол кезде бұл арал тіпті ауыз су мен құрылысқа қажетті құмды импорттан алатын кішкентай кедей мемлекет еді.

Саясаткердіӊ осы тағынан кеткен сәтінде Сингапур кәсіпкерлік айлағына, жетекші әлемдік рейтингілердіӊ дәстүрлі көшбасшысына, Оӊтүстік Корея, Гонконг және Тайваньмен қатар "Азияныӊ төрт барысыныӊ" (Four Asian Tigers), "Шығыс Азия барыстарыныӊ" (East Asian Tigers), "Азияныӊ төрт кішкентай айдаһарыныӊ" (Asia's Four Little Dragons) біріне айналды.

Ли Куан Ю Сингапурдыӊ көршілес елдер сияқты өмір сүре алмайтынын мойындаған, себебі бұл елдіӊ олармен теӊесе алатын ештеӊесі жоқ еді - жас мемлекет өзгеруі, көршілес елдер өндіріп жатқандардан да құнды өнімді қалай шығаруға болатынын ойлап табуы керек еді. Саясаткердіӊ сөзінше, дәл осы тәсіл сингапурлықтарды парасатты, тиімді етіп, лайықтылар ғана қанат жая алатын жағдайлар жасады.

Ли Куан Юдіӊ өзі өзін және серіктерін ағылшындық білім алған буржуаздық көшбасшылар тобы ретінде сипаттады.

Бір қауым мен тәртіп құру

Басы бірікпеген, мультимәдениетті халықтыӊ ұлттық бірігейлігін қалыптастыру елдіӊ өркендеуіне салынған қомақты үлес болды.

Түрлі уақыттарда үкіметтік науқандар қоршаған орта тазалығына, отбасыны жоспарлауға, батыстыӊ мінез-құлқын үйренуге және путунхуа тілінде (Қытайдыӊ мемлекеттік тілі, қазіргі қытай қоғамдық-саяси, ғылыми, көркем әдебиет тілі) сөйлесуге, ұйымшыл әрі өркениетті қоғам құруға бағытталды.

Сингапурда 5,64 млн адам тұрады, оныӊ 1,64 млн - бейрезидент. Жыл сайын елде 15 мыӊнан 25 мыӊға дейін адамға азаматтық беріледі. Этникалық құрамы бойынша 70%-дан астамы - қытай, 13% - малайлық, 9% - үндістер, 3% - шығу тегі түрлі еуразиялықтар мен азиаттар. Бұл елде төрт мемлекеттік тіл бар: қытай, тамил, малай және ағылшын тілі. Сарапшылар сингапур халқы ретінде адамдардыӊ бір қоғамын қалыптастыру мүмкін болды деген бір тұжырым жасаған.

Қазіргі кезде стратегиялық жоспарлары Сингапурдыӊ "ақылды ұлтқа" айналып жатқанын көрсетеді, яғни азаматтары елеулі, толыққанды өмір сүреді, цифрлық технологиялары ортақ болашаққа ықпал ету үшін көптеген мүмкіндіктері бар қауымдастықпен күштірек байланыс орнатуға әкеледі.

Ел халқыныӊ жаӊа дәуірге аяқ басуы үкіметтіӊ "Ақылды ұлт" (Smart Nation) бастамасында қарастырылған, оныӊ міндеті - халықтыӊ тығыздығына қарамастан, өмір сүруін жеӊілдету, қала проблемаларын шешу үшін инновациялық технологиялық жүйелерді енгізу.

Бірінші кезекте бағдарлама мамандары тұрғын үй, денсаулық сақтау және көлік желісі мәселелерін шешумен айналысады, сол үшін олар Сингапурды түрлі инновацияларды тестілеу алаӊына айналдырған.

Мысалы, оларға "ақылды" автомобильдер, телемедицина жобалары мен медицина роботтары, электр энергиясы мен судыӊ тұтынуын қадағалап, оларды оӊтайландыруға мүмкіндік беретін сенсорлар, қалдықтарды басқарудыӊ вакуумдық жүйесі және күн электр панельдері жатады.

Жекеменшік секторды тарту үшін 2017 жылы Smart Nation қосымшасын жасау мақсатында жеке тұлғалармен, шағын кәсіпорындармен және стартаптармен келісімшарт жасасуға $1,7 млрд бөлінді. Сөз деректерді сараптау саласында технологиялар жасау, сондай-ақ датчиктерді деректерді өӊдеу орталығымен байланыстыратын инфрақұрылымды құру туралы болып отыр.

БАҚ саласындағы тәртіпке келсек, Ли Куан Ю оларды ұлттық құрылыстыӊ идеяларын жеткізетін, фактілер мен оқиғаларды шынайы көрсететін, жаӊалықтар үшін өзара бәсекеге түсе алатын, бірақ саяси науқандар, яғни үгіт-насихат жүргізе алмайтын құралдар ретінде сипаттады.

Салауатты халықты қалыптастыру саласында оған ынталандыру "Healthy Dining Board Health Promotion" бағдарламасында көрініс тапты - бұл өз тұтынушыларына әдеттегі тағамдардыӊ салауатты түрлерін ұсынуға әзір азық-түлік және сусындар сатушыларына бөлінетін грант.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес ортасын құру

Сингапурдыӊ сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты - бұл іске асыру үшін түсінікті заӊнаманыӊ, қатаӊ талаптардыӊ, бұлтартпас жазалар мен елеулі марапаттардыӊ түйісуі.

Қазіргі Премьер-Министр сыбайлас жемқорлық мәселесін шенеуніктердіӊ жалақысын арттырумен ғана шешуге болмайтынын атап өтті - мемлекеттік басқару жүйесі ашық, ал шенеуніктердіӊ таӊдау еркіндігі - шектелуі болуы тиіс.

Нөлдік төзіміділік кілті ретінде саясаткер қоғамды тәрбиелеуді атап өтті, яғни қандай да бір адам заӊсыз ұсыныс жасағанда, ол адресаттыӊ заӊсыз жолмен жүрмей, бұл туралы полицияға хабарлайтынын түсінуі керек. Оныӊ айтуынша, осы стратегия Сингапурға үздіксіз артып отырған сыбайлас жемқорлықтыӊ тамырына балта шабуға көмектесті.

Сингапурде сыбайлас жемқорлықпен күрес үшін шешімдерді қабылдау рәсімдері барынша жеӊілдетіліп, көптеген лицензиялар алынып тасталды, яғни заӊныӊ айқындығы қағидаты енгізілді. Сонымен қатар мемлекеттік сектор үшін де жалақы біршама ұлғайтылды, министрлер жеке сектордағы еӊ жоғары жалақы алатын алты топ-менеджердіӊ жалақысыныӊ ?-сін құрайтындай жалақы ала бастады, ал жоғарғы шенеуніктердіӊ сыйақылары ел дамуыныӊ нәтижелеріне байланысты болды (бонустарды есептеудіӊ күрделі формуласы түрлі рейтингтерде ел жағдайыныӊ динамикасын ескереді).

Сот корпусын реформалау аясында сала қызметкерлерініӊ жалақылары күрт көбейіп қана қоймай, еӊ үздік жеке адвокаттар тартылып, олар кейіннен судья болды.

Ли Сянь Лун: саяси портреті

Сингапурдыӊ негізін салушыныӊ үлкен ұлы. 1952 жылғы ақпан айында дүниеге келген. Сингапурдегі католик мектебін, Кембридждегі Тринити-колледждіӊ математика факультетін (бітіргенде одан кейінгі студенттен 50%-ға артық жоғары бағалар алған, факультет тарихында мұндай айырмашылық болмаған) және Гарвардтағы мемлекеттік басқару факультетін үздік бітірген. Төрт тілді біледі, әкесініӊ өтінішімен орыс тілін және мәдениетін оқыған - Ли Куан Ю Ресеймен және оныӊ қиыр шығыстағы аумақтарымен ынтымақтастықты дамытуды маӊызды бағыт деп санаған.

Саясаткер өмір бойы жоғарғы лауазымдарға әкесініӊ ықпалынан емес, барлық салаларда жоғарғы нәтижеге жеткенін дәлелдеп келгені туралы жазады.

Мансап: әскери, мемлекеттік, саяси

Ли Сянь Лун Форт-Ливенуорттыӊ (АҚШ) командалық-штабтық колледжінде әскери дайындықтан өтіп, әскери мансабын 1984 жылы Сингапур әскері тарихындағы еӊ жас әскери бригада генералы ретінде аяқтады.

1984 жылы "Халықтық іс-қимыл партиясы" депутаты болды, одан кейін партияныӊ жастар қанатын басқарып, оныӊ бас хатшысы қызметін атқарды.

"Халықтық іс-қимыл партиясы" Сингапур тәуелсіздік алған сәттен бастап биліктіӊ қарамағында. 2015 жылдыӊ қыркүйек айында елде кезекті парламенттік сайлау өткізілді, онда "Халықтық іс-қимыл партиясы" дәстүрлі түрде жеӊіске жетіп, парламенттегі 89 орынныӊ 83 орнына ие болды.

Мемлекеттік қызметте сауда және өнеркәсіп министрі, екінші қорғаныс министрі, 1998 жылы аймақтық қаржылық дағдарыс кезінде сауда мен өндіріс және қорғаныс министрліктерініӊ жұмысына жетекшілік еткен вице-премьер қызметін, сонымен қатар, елдіӊ экономикалық дағдарысы кезінде қаржылық нарықты ырықтандыру бағдарламасын жасай алған қаржы министрі де болған.

Қазіргі Сингапур: кейбір нәтижелер мен жоспарлар

World Competitiveness Ranking

2018 жылдыӊ қазан айында Сингапур Дүниежүзілік экономикалық форумныӊ жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингісінде Германияны басып озып 140 мемлекеттіӊ ішінде АҚШ-тан кейінгі екінші орынды иеленді. Сингапур дәстүрлі түрде инфрақұрылым, денсаулық сақтау және тұтыну нарығы субиндексте еӊ үздік көрсеткіштер көрсетті.

Қазақстан осы рейтингте бизнестіӊ қарқыны бойынша 37-орынды иеленген субиндексімен 59-орында тұр.

Doing Business және кәсіпкерлік

Бизнес жүргізу жеӊілдігі рейтингісінде Сингапур Данияны басып озып, 190 елдіӊ ішінен Жаӊа Зеландиядан кейінгі екінші орынға шықты.

Үздік субиндекс - келісімшартты қамтамасыз ету бойынша 1-орында болса, еӊ нашары - халықаралық саудада 45-орында.

Қазақстан бұл рейтингте 36-дан 28-орынға көтерілді. Үздік субиндекс - миноритарлық инвесторларды қорғауда 1 орын, нашары - Сингапур сияқты, яғни халықаралық саудада 100-орында.

Қазіргі кезеӊде Сингапур реттеу жағынан кәсіпкерлікте көш бастаған ел ретінде кәсіпкерлердіӊ өзінен ашықтық күтіп, тереӊ халықаралық интеграцияны күтетіні туралы үндеу тастап отыр.

Премьер-Министр қараша айындағы ASEAN Business and Investment Summit шарасында бизнестіӊ шетелдік бәсекелестікке ішкі нарықтыӊ ашылуын жиі қолдамайтынын айтты. Бұл ретте АСЕАН мүшелері дәл сол экономикалық байланыстарды тереӊдетудіӊ арқасында көбірек дамыған.

Түрлі келісімдер мен шығын, жүкті рәсімдеуді тездетуге мүмкіндік беретін бір терезе қағидасымен жұмыс істейтін трейдерлерге арналған ASEAN Single Window, сонымен қатар, трансшекаралық электронды сауданы жеӊілдету келісімі - АСЕАН-ғы тереӊ байланыстардыӊ артықшылықтарыныӊ айқын мысалы.

Аймақтық блок тарифтерді төмендетсе де, тарифтік емес шаралар мен кедергілер артты. Мысалы, агроөнеркәсіптік кешенде бұл - өнімді таӊбалау, халал өнімді сертификаттау, өнімдерді нарыққа дейін тіркеу (pre-market product registration) және импорт пен экспортты сертификаттау.

Сингапур билігі реттеуші шаралардыӊ азаюы шетелдік бәсекелестер үшін ғана емес, кейбір АСЕАН елдеріндегі біржақты реформалар жергілікті бизнес үшін жақсы деген ойда.

Мысалы, сауда рәсімдерініӊ жеӊілдеуі мен кедендік қызмет жұмысыныӊ жетілуі аймақтағы шағын және орта кәсіпорындарға электронды коммерциядан пайда тауып, экспортқа шығуына көмектеседі.

Сингапур, Австралия мен Жапониямен бірге, ДСҰ-ға ашықтық пен сенімділікті қамтамасыз ететін электронды коммерцияныӊ жаӊа ережелерін ұсынып жүр.

Экономикалық өсім: артықшылықтар мен тәуекелдер

Сингапурдыӊ сауда және өнеркәсіп министрлігініӊ айтуынша,

Сингапур экономикасы осы жылдыӊ алғашқы үш тоқсанында өткен жылдыӊ сәйкес кезеӊімен салыстырғанда 3,8%-ға өскен, бұл 2013 жылдан бергі еӊ үздік тоғыз айлық көрсеткіш. Бұл Сингапурдыӊ қаржы реттеушісініӊ (Monetary Authority of Singapore) неліктен ел экономикасыныӊ анағұрлым эволюцияланды дегенін түсіндіреді.

Биыл 12 қазанда Сингапур билігі жыл бойы екінші рет сингапурлық доллар бағасын өсіру туралы хабарлап ақшалай-несиелік саясатын күшейтті.

Сингапурдыӊ Орталық банкі ақшалық-несиелік саясатты басқаруда негізгі мөлшерлемені өсірмей, оныӊ орнына валюта бағамын өзгертіп отырады.

Алайда, егер үш тоқсанныӊ қорытындысы туралы айтатын болсақ, онда экономика жылдық көрсеткіште 2,6%-ға өскен, бұл екінші тоқсан көрсеткіші 4,1%-ға қарағанда баяуырақ.

Өӊдеу өнеркәсібі 10,6%-дан баяулап, 4,5%-ды көрсетті. Құрылыс секторы өткен тоқсанда минус 4,2% түсімді баяулатып, 3,1%-ға төмендеген.

ЖІӨ-ніӊ бесінші бөлігін өндіріс базасы қамтамасыз етеді, бұл - туризм және қызмет көрсету саласына жақсы таныс қала үшін маӊызды үлес.

Осы себептен АТ және биомедицина сияқты салаларда алдыӊғы қатарлы өндіріс үшін тартымды орын ретінде Сингапур өндіріс өсімін қолдау үшін күресуде.

Сингапур бизнес жүргізудіӊ ыӊғайлылығы, өмір сүру үшін қолайлы орын мен ынталандыруы - салықтық жеӊілдіктен бастап Экономикалық даму жөніндегі кеӊестіӊ (Economic Development Board) инвесторларды қолдауынан өте тартымды ел болып саналады.

2017 жылы шетелдік компанияларды тарту туралы кезекті өтінімінде Сингапур ҒЗТКЖ нәтижесінде зияткерлік меншіктен түскен табыстыӊ корпоративтік салығын 5%-ға дейін төмендетуді ұсынды.

Нәтижесінде, Сингапур бүгінде Philips, GlaxoSmithKline, ABB және Siemens компаниялары секілді ірі компаниялар үшін алдыӊғы қатарлы өндіріс пен зерттеу және өӊдеудіӊ өӊірлік базасы болып отыр.

Сингапурдыӊ зерттеу ортасы: симбиоз және іс-қимыл

Жаӊа талаптар мен көшбасшы мәртебесін сақтап қалу үшін билік адам капиталы, зерттеу және инновацияны дамыту саясатын жалғастырып келеді.

Қаржы министрі Хэн Свэй Кет әлемніӊ азиялық бөлігінде технологиялық өзгерістердіӊ маӊызы өте жоғары болатынын және Сингапур дамып келе жатқан орта тап пен демографиялық өзгерістерді, "таланттарға" дұрыс көӊіл бөліп, алдағы жоспарларды, стратегиялық технологиялар мен қызметтерді инвестициялауды жақсы түсіну керектігін айтты.

Министр Сингапурдыӊ инвестиция үшін ұзақ мерзімді перспективаға ие болып, 5-10 жылда болатын өзгерістерге дайын болуы керектігіне сенімді. Үкімет кеӊестер мен ұзақ мерзімді жоспарлар негізінде дайындалған стратегиядан тыс алысқа қарауы керек.

Research, Innovation and Enterprise 2020 Plan

Сингапур 2016 жылы кезекті бесжылдық Research, Innovation and Enterprise 2020 Plan (Зерттеулер, Инновациялар және Кәсіпкерлік - 2020, RIE2020) үшін $19 млрд қаржы бөлді. Бұл жоспар ғылыми, өнертапқыш, кәсіпкерлік орта қаржыландыру, бірлескен жобалар, ынталандыру, кадрлар, дағдылары т.б. арқылы көптеген ортақ байланыстары бар орта ретінде жасалған.

Жаӊа жоспар - бұл алдыӊғы жоспардыӊ ілгерілеуініӊ негізінде жасалған төрт негізгі стратегиялық бағыт.

o Зерттеу күшін бұрынғыдан тығызырақ кіріктіру, өзара белсендірек пәнаралық ынтымақтастық.

o Үздік командалар мен идеялар жағына қарай көбірек ілгерілеу (динамика), көбірек бәсекелі қаржыландыру, оны бөлуде зор икемділік таныту.

o Құнын жасауға барынша көӊіл бөлу (жаӊашылдықтарды коммерцияландыру және беймідеу), транзиттерді зерттеуден оларды қолдануға қарай күшейту, компанияларға жаӊа технологияларды игеру қабілетін арттыруда көмек көрсету.

o Жоғары абыройға ие халықаралық зерттеулермен толықтырылған мықты сингапурлық негіз арқылы үздік жұмыс күшін құру.

Сонымен қатар бұл - қаржыландыру басымдықты болып табылатын және Сингапурдыӊ бәсекелі артықшылықтары және/немесе маӊызды ұлттық қажеттіліктері бар төрт стратегиялық технологиялық сала.

o Ілгерілеген өндіріс және инженерия (Advanced Manufacturing and Engineering).

Сингапурлық өндірістер мен инженерияныӊ өсімі мен бәсекеге қабілеттілігін қолдайтын технологиялық мүмкіндіктерді дамыту.

o Денсаулық және биомедициналық ғылымдар (Health and Biomedical Sciences).

Халықтыӊ денсаулығына қатыстыныӊ бәрінде көшбасшы орталық құру және керемет зерттеулер мен оларды бейімдеу арқылы экономикалық игіліктер жасау.

o Қала жобалары мен тұрақтылық (Urban Solutions and Sustainability).

Сингапур мен бүкіл әлем үшін интеграцияланған шешімдер арқылы өмірге ыӊғайлы әрі тұрақты қаланы дамыту.

o Қызметтер және цифрлық экономика (Services and Digital Economy)

Ұлттық басымдықтарға сай келу, өнімділікті арттыру, басты сервистерді қолдау, тұрақты экономикалық бағыттар мен жұмыс орындарын құру үшін цифрлық инновациялық мүмкіндіктерді дамыту.

Бұл салалардағы қызметке тамаша ғылымды, мықты кадрлар мен коммерцияландыруды кепілдендіру үшін үш өтпелі бағдарлама арқылы қолдау жасалады.

o Академиялық зерттеулер

Зерттеулерге серпін беретін, жаӊа идеялар тудыратын, сөйтіп келесі өсу кезеӊіне әкелетін ойлар ағымы мен мүмкіндіктер базасын құру.

o Жұмыс күші.

Мықты зерттеу және инновациялық қауымдастық құру.

o Инновациялар және кәсіпкерлік (I&E)

Коммерциализация мен экономикалық бәсекеге қабілеттілікті ынталандыратын инновациялық кәсіпкерлік көзін қалыптастыру.

Нәтижесінде RIE2020 ертеӊгі күнге инновациялық шешімдер ұсыну үшін цифрлық технологиялардыӊ барлық салаларын қамтиды.

Ғылым және зерттеулер: өзара байланыстары, бейімделуі

QS World University Rankings-2019 рейтингінде Сингапурдыӊ Ұлттық университеті 11-орынды иеленді, ал Сингапурдыӊ Наньян технологиялық университеті 12-орныға ие болды, бұл 2016 жылғы рейтингтегі 22 және 39 орындармен салыстырғандағы көрсеткіш, елде дайындалған "жергілікті" PhD саны 2011 жылғы 7522-ден 2015 жылы 7850-ге дейін артты, жалпы жұмыс күшіндегі ғалымдар мен инженерлер саны да үнемі артып келеді.

Жетекші ҒЗИ ретінде Сингапурда университеттердіӊ өсуі озық тәжірибе мен мықты зерттеу инфрақұрылымына ерекше көӊіл аударылып отыруымен себептеледі. Ел университеттері ғалымдардыӊ әлемдік деӊгейдегі қуатты кафедрасын қалыптастыра алды, сонымен қатар көрнекті сингапурлық ғалымдарды оларға икемді ортада өз жұмыстарын жалғастыруға және сөйтіп, келесі буынныӊ ғалымдарына ұстаздық етуге мүмкіндік берумен отанға кері қайтара алды.

Сингапурлық Research Centres of Excellence (Басымдықты зерттеу орталықтары) ультразаманауи зерттеулердіӊ өз салаларында мықты команда құра алды, енді өз салаларында еӊ үздік орталықтардыӊ бірі болып отыр.

Сингапур сонымен қатар ҒЗТКЖ-мен халықаралық байланыстар орнатты - бұл Ғылыми-зерттеу кемелдігі мен технологиялық кәсіпкерлік кампусы (Campus for Research Excellence and Technological Enterprise, CREATE) аясындағы жергілікті университеттер және 10 аса ірі шетелдік мекемелер арасындағы 15 зерттеу бағдарламасы. CREATE зертханалары 2015 жылдан бастап жетекші академиялық журналдарда 2350-ден астам жарияланым жариялап, 100-ден аса компаниямен жұмыстар жүргізді. Зерттеу нәтижелері де 8 қосымша компанияныӊ пайда болуы әкелді.

Ғылым, техника және зерттеулер агенттігі (Agency for Science, Technology and Research, A*Star) 20-дан астам ҒЗИ қамтиды, олар түрлі салаларда, яғни, биомедициналық инженерия, биохимия, молекулярлы биология және генетика, химия және физика салаларында іргелі зерттеулерден бастап қолданбалы зерттеулерге дейін жүргізеді.

A*Star жапондық Физикалық-химиялық зерттеулер институты (Rikagaku Kenky?jyo, RIKEN), Саутгемптон теӊіз институты (Southampton Marine and Maritime Institute, SMMI) тәрізді әлемдік жетекші зерттеу орталықтарымен әріптестік қарым-қатынастар орнатқан. 2012-2016 жж. аралығында өнертабыстар көлемі бойынша агенттік Clarivate Analytics нұсқасына сәйкес, Азияда онкологияны зерттеуде еӊ үздік новаторлардыӊ топ-10-дығына енді.

Зерттеулерін өнеркәсіп сұраныстарына сәйкестендірген A*Star өз тәжірибесін Applied Materials, Inc., Dai Nippon Printing Co. и Nikon. тәрізді серіктестерімен бірлескен зертханалар құру үшін жартылай өткізгіш зерттеулер мен жобалар саласында пайдалана алды.

Biopolis бөлімшесі Chugai Pharmaceutical Co. және Novartis International AG қоса алғанда, әлемніӊ 30 жетекші фармацевтика компаниясымен жұмыс істей отырып, фармацевтика өнеркәсібініӊ өсімін қолдайды.

Тамақ өнімдері мен тұтынушылық тауарлар саласындағы A*Star кластері Nestle, Danone и P&G тәрізді компаниялармен ынтымақтаса отырып, ҒЗТКЖ саласында мыӊнан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді.
Просмотров: 38812

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter