Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
21 қаңтар 2018
  • 14
  • :
  • 44
17:00

Бас прокуратурада Қылмыстық процесті жаӊғырту бойынша заӊныӊ қолдану тәжірибесі талқыланды10.01.2018
Государство  23:25
Астана. 10 қаӊтар. Kazakhstan Today - Бас прокуратурада ведомство басшысы Қайрат Қожамжаровтыӊ төрағалығымен жиналыс өтті.

Оныӊ жұмысына Бас Прокурордыӊ орынбасарлары, орталық аппараттыӊ қызметкерлері, сондай-ақ бейнеконференцбайланыс арқылы облыс прокурорлары қатысты.

"Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне құқық қорғау қызметініӊ процестік негіздерін жаӊғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" жаӊа Заӊныӊ (бұдан әрі - Заӊ)аясында атқарылған бір апталық жұмыстыӊ тәжірибесі мен туындаған проблемалық мәселелер талқыланды.

Бас Прокурор Қайрат Қожамжаров Заӊ талаптарын бұзудыӊ алдын алу мақсатында ұйымдастырушылық шаралар қабылданғанын атап көрсетті. Атап айтқанда, барлық құқық қорғау органдары басшыларыныӊ қатысуымен жиын өткізілді, облыс прокурорларына Заӊды қолдану тәртібі мен жеке құрамды оқыту бойынша Нұсқау жолданды, сондай-ақ әдістемелік құралдар әзірленді.

Облыс прокурорларыныӊ есебін тыӊдаған Қ.Қожамжаров қылмыстық қудалау саласында азаматтардыӊ конституциялық құқығын бұзу фактілеріне жол бермеу керектігін, себебі бұл адамныӊ жеке бас бостандығын шектеумен, ұстау мен қамауға алумен байланысты екендігін атап өтті.

Бас Прокурор: "Прокурор заӊдылықтыӊ сақталуыныӊ кепілі, өӊірлік прокурорларға уақытылы әрекет етулеріӊізден азаматтардыӊ қорғалу деӊгейі әсер етеді", - деді.

Жиналыстыӊ қорытындысы бойынша Қ.Қожамжаров бірқатар нақты тапсырмалар берді, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасыныӊ баспасөз қызметі.
Просмотров: 3181

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter