Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
24 маусым 2018
  • 07
  • :
  • 37
17:00

Қазақстан Президенті бес әлеуметтік бастама ұсынды05.03.2018
Государство  15:35
Астана. 5 наурыз. Kazakhstan Today - Бүгін Қазақстан Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ қатысуымен Парламент палаталарыныӊ бірлескен отырысы өтті. Онда Елбасы Қазақстан халқына жаӊа әлеуметтік бастамалар бойынша үндеу жариялады.

Ақорда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ "Президенттіӊ бес әлеуметтік бастамасы" атты халыққа үндеуініӊ толық мәтінін жариялады. Онда былай делінген:

"Құрметті қазақстандықтар!

Наурыз айыныӊ еліміздіӊ Тәуелсіздік күнтізбесінде ерекше орны бар.

Біз көктемніӊ алғашқы күнінде Алғыс айту күнін атап өтеміз.

Сонымен бірге, бұл - Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған күн.

Ұлыстыӊ ұлы күні Наурыз мейрамы шуақты көктем айыныӊ еншісінде.

Қымбатты әйелдерімізді де мерекесімен наурыз айында құттықтаймыз.

Осы ізгі оқиғалардыӊ бәрі Қазақстан халқын біріктіре түседі.

"Рухани жаӊғыру" бағдарламасы да осыған бағытталған.

Біз елдіӊ бірлігі мен мемлекеттіӊ сындарлы саясатыныӊ арқасында барлық сынақтардан абыроймен өттік.

Ел иесі қазақ халқыныӊ маӊына ұйысқан барша этностар оны жоғары бағалайды.

Бүгінде Алматы, Батыс Қазақстан, Жамбыл және Оӊтүстік Қазақстан облыстарында "Қазақ еліне мыӊ алғыс" атты монументтер бой көтерген.

Бұл ескерткіштерді еліміздегі түрлі этностық топтар бастарына күн туған кезде бауырына басқан қазақтыӊ жері мен еліне алғыс ретінде өз бастамаларымен тұрғызды.

Қазақ халқы да оларға ұлттық тарихымызға көрсеткен зор құрметі үшін алғысын білдіреді.

Осындай өзара құрмет пен сенім мызғымас ел бірлігіне негіз болса, ізгі шаралар халқымыздыӊ кеӊ пейілі мен дархан көӊілініӊ айқын көрінісіне айналуда.

Жақсылықты жадында сақтай білген елдіӊ рухы қашан да биік.

Заманауи Қазақстанныӊ өсіп-өркендеуіне әрбір отандасымыз өз үлесін қосты.

Мен этно-мәдени бірлестіктерге де айрықша ризашылық білдіремін.

Біз, бәріміз бірге өте күрделі, қилы замандардан өттік.

Тәуелсіздіктіӊ еӊ тағдыршешті сәттерінде мені әрдайым қолдаған халқыма да алғыс айтамын.

Өткен сайлаулардыӊ бәрінде халқымыз мені бірауыздан қолдап, сайлады.

Мен үшін еӊ үлкен марапат - осы.

Елімніӊ қолдауы маған жұмыс барысында зор күш-жігер берді.

Мен халқымныӊ өз келешегіне сеніммен қарауы үшін еӊбек еттім, қазір де, болашақта да осы мақсат жолында жұмыс істей беремін.

Сол себепті, мен бүгін Қазақстан Республикасы Парламентініӊ қабырғасынан жаӊа әлеуметтік бастамалар көтеріп, халқыма үндеу жариялағалы отырмын.

Бұл қадам талайдан бері меніӊ көкейімде жүр.

Бірақ, Қазақстан алдымен бойына күш, қазынасына қаржы жинап, қуатты елге айналуы керек еді.

Міне, сол күн де туды!

Бұл - біздіӊ қоғамныӊ әлеуметтік бірлігін нығайту үшін жігерімізді жанып, нақты іске кірісетін сәт.

Біз оны ауқымды әлеуметтік жобалар арқылы жүзеге асырамыз.

Мемлекет осындай түбегейлі шараларды қолға алады.

"Қазақстан - біздіӊ ортақ үйіміз" деген идея жаӊа мағынамен толыға түсуге тиіс.

Жаӊа ұсыныстардыӊ маӊыздылығын ескеріп, мен әрбір қазақстандықтыӊ әл-ауқатын әрі қарай жақсарта түсуге бағытталған жаӊа әлеуметтік бастамаларымды өздеріӊізбен талқылау үшін бүгінгі Парламент Палаталары мен Үкіметтіӊ бірлескен отырысын шақырттым.

Бірден айтайын: бүгін айтылатын ұсыныстыӊ бәрі - есеп-қисабы мұқият жасалған бағдарлама.

Бұл - елдіӊ игілігіне арналған ұтымды, сонымен қатар, оптимистік жоба.

Мен өркендеген Қазақстан - еӊ алдымен мемлекеті өзін қорғап, қолдайтынын, қамқорлық жасайтынын сезінетін, тиісінше елін жан жүрегімен сүйетін, өздеріне сенімді адамдар деп санаймын.

Сол себепті, біз бүгін жаӊа, ауқымды әлеуметтік жобаларға жол ашамыз.

Қымбатты достар!

Біз бүгін әлеуметтік жаӊғыру жолында жаӊа, ауқымды қадам жасауға дайынбыз.

Мен Президенттіӊ бес әлеуметтік бастамасын ұсынамын.

Бірінші бастама: "Әрбір отбасына баспана алудыӊ жаӊа мүмкіндіктерін беру".

Біз соӊғы жылдары қазақстандықтардыӊ баспана алу мүмкіндіктерін кеӊейту үшін көп нәрсе жасадық.

2017 жылы 11,2 миллион шаршы метр тұрғын-үй пайдалануға берілді.

Бұл - рекордтық көрсеткіш.

Дегенмен, оныӊ өзі жеткіліксіз, әлі күнге дейін көптеген отбасы баспанасыз жүр.

Бұл - айрықша әлеуметтік маӊызы бар мәселе.

Оныӊ шешімін тұрғын-үй ипотекасыныӊ қалыӊ көпшілікке жаппай қолжетімділігін арттыру арқылы табуға барлық жағдай жасау керек.

Жұмыс істейтін әрбір адам несиеге пәтер сатып алып, оны отбасылық бюджетініӊ мүмкіндіктері аясында төлей алатындай болуы үшін арзан ресурстар ұсынатын тетіктер қажет.

Сондықтан, мен "7 - 20 - 25" бағдарламасын ұсынамын.

Жұмыс істейтін әрбір қазақстандық төмендегідей шарттар бойынша теӊгемен несие алу мүмкіндігіне ие болады.

Несие өсімініӊ мөлшерлемесі қазіргідей 14-16 емес, жылына 7 проценттен аспайтын болады.

Қазір банктер бастапқы жарнаға баспана құныныӊ 30 процентіне дейін, кейде тіпті 50 процентін салуды талап етсе, бұл бағдарлама бойынша ол 20 проценттен аспауға тиіс.

Несие алушыныӊ ай сайынғы төлемін азайту үшін оныӊ мерзімі 10-15 емес, 25 жылға дейін болады.

Ол үшін Ұлттық банктіӊ, екінші деӊгейлі банктер мен қор нарығыныӊ мүмкіндіктерін іске қосу керек.

Ұлттық банк кемінде 1 триллион теӊге қаржы тартатын арнайы компания құрып, ол қаржыны банктердіӊ жоғарыда айтылған шарттар бойынша беретін жаӊа ипотекалық несиелерін сатып алуға жұмсауы қажет.

Бағдарламаны жүзеге асыру тұрғын-үй құрылысына зор серпін береді.

Нәтижесінде миллиондаған қазақстандық үшін баспана алудыӊ қолжетімділігі артады.

Сонымен қатар, бұл экономиканыӊ, шағын және орта бизнестіӊ өрістеуіне жұмыс істейді, жаӊа жұмыс орындарын ашады.

Көптеген азаматтардыӊ арманы ақиқатқа айналады!

Екінші бастама: "Жалақысы төмен жұмысшылардыӊ еӊбекақысын көбейту үшін олардыӊ салық жүктемесін азайту".

Салыстырмалы түрде жалақысы төмен қазақстандықтарды қолдау үшін 2019 жылдыӊ 1 қаӊтарынан бастап олардыӊ салық жүктемесін 10 есеге азайтып, 1 процент қана салық салуды ұсынамын.

Ай сайын еӊ төменгі есептік көрсеткіштіӊ 25 еселенген көлемінен аз жалақы алатындарға салынатын жеке табыс салығын азайту арқылы олардыӊ салық жүктемесін жеӊілдету керек.

Ал осылайша салықты азайтудан шығатын қаржы олардыӊ жалақысын көбейтуге жұмсалуы қажет.

Нәтижесінде, еліміздегі барша жалдамалы жұмыскерлердіӊ кемінде үштен бірініӊ, бұл 2 миллионнан астам адам, жалақысы жұмыс берушіге салмақ салмай-ақ көбейетін болады.

Әрі қарай Үкімет табыс салығыныӊ прогрессивті шкаласын енгізу мүмкіндігін зерделеуі керек.

Үшінші бастама: "Жоғары білім алудыӊ қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардыӊ жатақханадағы жағдайын жақсарту".

Қазір еліміздіӊ жоғары оқу орындарында 530 мыӊнан астам жас оқып жатыр, олардыӊ 30 процентке жуығы мемлекет бөлген грантпен білім алуда.

Жоғары білім алудыӊ қолжетімділігі мен сапасын арттыру үшін төмендегідей шараларды ұсынамын.

Қазір жыл сайын бөлінетін 54 мыӊ грантқа қосымша 2018-2019 оқу жылында тағы 20 мыӊ грант бөлу керек.

Оныӊ 11 мыӊы техникалық мамандықтар бойынша бакалаврлық білім беруге тиесілі болады.

Бұл төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы жаӊа экономикада зор сұранысқа ие болатын сан мыӊ жаӊа маманды даярлауға мүмкіндік береді.

Мұнда еӊ алдымен инженерлер, ақпараттық технология, робот техникасы, нанотехнология саласыныӊ мамандары туралы сөз болып отыр.

Бұл да жастарға мемлекет қамқорлығыныӊ айқын көрінісі.

Сонымен бірге, техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша барлық жоғары оқу орындары гранттарыныӊ құнын ұлттық жоғары оқу орындарыныӊ гранттары деӊгейіне дейін көтеру керек.

Аталған шаралар орта мектеп түлектерін жоғары біліммен неғұрлым көбірек қамтуға мүмкіндік береді, бұл - жалпы әлемдік тренд.

Сонымен бірге, адам ресурстарына салынатын үлкен салым.

Біз әлемдік стандарттарға сай білім беру жүйесін қалыптастыра отырып, студенттердіӊ білім алуына және тұратын жеріне жағдай жасауға тиісті назар аударуымыз қажет.

Қазір жоғары оқу орындары мен колледждердіӊ студенттерін жатақханамен қамтамасыз ету мәселесі өте өзекті.

Бұл міндетті шешу үшін жоғары оқу орындары, колледждер мен девелоперлік компаниялар мемлекет пен жеке меншіктіӊ серіктестігі қағидасымен жатақхана салуды бастауы керек.

Мемлекет өз тарапынан Білім және ғылым министрлігі арқылы жатақхана құрылысына жұмсалған инвестициялардыӊ белгілі бір бөлігі біртіндеп қайтарылуына кепілдік береді.

2022 жылдыӊ соӊына дейін студенттерге арнап кемінде 75 мыӊ орындық жаӊа жатақхана салуды тапсырамын.

Бұл алдағы жылдарда өсе түсетін сұранысты ескергенніӊ өзінде жатақхана тапшылығын біржола шешеді.

Төртінші бастама: "Шағын несие беруді көбейту".

Өзін-өзі еӊбекпен қамтыған және жұмыссыз тұрғындардыӊ арасында жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін атқарылып жатқан жұмыстардыӊ аясында жеӊілдетілген шағын несие беру неғұрлым тиімді тетік саналады.

2017 жылы жалпы сомасы 32 миллиард теӊге болатын 7200 шағын несие берілді.

Алайда, "Бастау Бизнес" жобасы бойынша білім алған тағы 5 мыӊ адам өз ісін бастауға қажетті шағын несиелерді ала алмады.

Сондықтан, 2018 жылы қосымша 20 миллиард теӊге бөліп, шағын несиелердіӊ жалпы сомасын 62 миллиард теӊгеге жеткізуді тапсырамын.

Нәтижесінде шағын несие алатындардыӊ саны 2017 жылмен салыстырғанда 2 есеге артып, 14 мыӊ адамға жететін болады.

Бұл жұмысты одан кейінгі жылдарда да белсенді жалғастыру керек.

Бастама мыӊдаған адамға өз ісін ашуға мүмкіндік беретіндігімен маӊызды.

Бұл, әсіресе, ауыл-аймақтар үшін, ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту үшін айрықша маӊызды екенін атап өткім келеді.

Бесінші бастама: "Елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру".

Елімізде газ өндіру Тәуелсіздік кезеӊінде жылына 8-ден 52 миллиард текшеметрге дейін артты, әрі қарай да өсе түседі.

Қазір еліміздегі тұрғындардыӊ 50 процентке жуығы газбен қамтамасыз етілген.

9 облысқа газ тартылған.

Дегенмен, орталық және солтүстік өӊірлер әлі де газсыз отыр.

Біз Қараөзек (Қызылорда облысы) - Жезқазған-Қарағанды-Теміртау-Астана бағытында магистральді газ құбырын салу жобасын жүзеге асыруымыз керек.

Оған тиісінше қаражат тарту қажет болады, соныӊ ішінде халықаралық қаржы институттарынан да.

Бұл 2,7 миллион адамды газбен қамтамасыз етумен қатар, шағын және орта бизнестіӊ жаӊа өндірістерін ашуға мүмкіндік береді.

Сонымен бірге, экология жақсарады.

Газға көшу тек Астананыӊ өзінде зиянды қалдықтардыӊ ауаға таралуын 6 есеге немесе жылына 35 мыӊ тоннаға азайтады.

Бұл жобаны жүзеге асыру әрі қарай өзге өӊірлерді де газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Президенттіӊ бес бастамасы - осы.

Оларды іске асыру жаӊа жұмыс орындарын құруға, сол арқылы ел экономикасыныӊ әрі қарай дами түсуіне жол ашады.

Үкімет пен Ұлттық Банкке бастамаларды іске асырудыӊ егжей-тегжейлі тетіктерін жасауды тапсырамын.

Парламент депутаттарынан заӊнамаға қажет өзгерістерді уақтылы енгізуді өтінемін.

Бастамалардыӊ айрықша маӊызды екенін ескерсек, оларды тиімді жүзеге асырудыӊ жолдары кеӊінен талқылауды қажет етеді.

Халық пен бизнес өкілдерініӊ арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу де маӊызды.

"Нұр Отан" партиясы халқымыз үшін айрықша маӊызы бар осы шаралардыӊ тиянақты орындалуын бақылауға алады.

Құрметті отандастар!

Мемлекеттіӊ жаӊа қадамдары бүкіл қазақстандықтарға, еліміздіӊ барша азаматтарына игі әсер етеді.

Қоғам өз тағдырын Қазақстанмен тығыз байланыстырып, болашағын жоспарлаудыӊ тыӊ мүмкіндігіне ие болады.

Бағдарламаны заӊдық тұрғыдан бекіту қажет деп санаймын.

Оны іске асыру "әлеуметтік мемлекет" туралы конституциялық норманы жаӊа, нақты мазмұнмен байыта түспек.

Заманауи жаһандық ахуалда ұлттық бірлік - әлеуметтік бірлік, ал қалыптасқан мемлекет - әлеуметтік мемлекет.

Біз өткенге салауат айтып, келешекке көз тіккен елміз.

Біз әлеуметтік мемлекет пен ұлттық өркендеудіӊ шынайы, әрі сындарлы қазақстандық моделін міндетті түрде бірге жасайтынымызға сенімдімін.

Ардақты ағайын!

Бүгінгі бастамалар еліміз тұтас, қоғамымыз тұрақты болса ғана табысты жүзеге асады.

Ал, ел бірлігі - еӊ бірінші, қазақтыӊ бірлігі.

Жаһандық көштіӊ басында жүретін мерейлі ел болу үшін бірлік пен ынтымақ алдымен өзімізге, қазаққа керек.

Тарихтыӊ өзі дәлелдеген бір ақиқат бар - халқымыз бірлікте болса күшейген, бірлігі қашса әлсіреген.

Қасқа жолды Қасым хан жұртын жұдырықтай жұмылдыра білгенініӊ арқасында қазіргі қазақ жерініӊ негізгі аумағын біріктірді.

"Ел бірлігі - ел теӊдігі" деген - осы!

"Қазақ ордасыныӊ Ликургы" - Әз Тәуке елін татулыққа ұйыта білгендіктен қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман орнатты.

"Байлық - байлық емес, бірлік - байлық" деген сөз сол заманнан қалған қағида.

Ел басына күн туған кезде барша қазақ Абылай ханныӊ ақ туыныӊ астына жиналған соӊ ғана жерін жаудан тазарта алды.

"Біріккен жүз бытыраӊқы мыӊды алады" деп бабаларымыз осыны айтқан.

Қазақтыӊ осынау 3 ханы - ел тарихындағы 3 асқар тау, оларды асқақтатқан - ел бірлігі.

Сонымен бірге, алтыбақан алауыздықтыӊ кесірінен еліміз аӊырап, жеріміз қаӊырап қалған кездер де аз емес.

Бұл да - тарихтыӊ ащы сабағы.

"Өткенге қарап, ертеӊіӊді түзе" деген өсиет бар, себебі, өткенніӊ өнегесі - бүгінгі күнніӊ баға жетпес байлығы.

Осыны жадында тұтып, тарихтан тағылым ала білген халқымыз Тәуелсіздік дәуірінде татулық пен бірліктіӊ, тыныштық пен тұрақтылықтыӊ арқасында талай табыстарға кенелуде.

Табысымызды еселеп, Тәуелсіздігімізді баянды ете түсу үшін бізге балталаса да бұзылмайтын берік ауызбіршілік керек.

Берекелі бірлігімізді көздіӊ қарашығындай сақтай алсақ, мерекелі тірлігімізге төнетін қауіп жоқ.

Ел мен жердіӊ иесі ретінде Қазақстандағы жақсы мен жаманныӊ бәріне қазақ жауапты.

Осы ұлы жауапкершілікті сезініп, барша ұлыстардыӊ ұйытқысы болып, өзгеге өнеге көрсете білейік.

Сонда ғана, халқымыздыӊ атын иеленген қасиетті Қазақстанымыз көркейіп, дами береді.

Еліміздіӊ көӊілі жайлы, тұрмысы майлы болады.

Осыны үнемі есте тұтып, тыӊ міндеттерді тындырымды жұмысқа ұластырайық!

Іске сәт!".
Просмотров: 12005

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter