Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
15 қараша 2018
  • 10
  • :
  • 04
17:00

Мемлекет басшысыныӊ төрағалығымен Үкіметтіӊ кеӊейтілген отырысы өтті09.02.2018
Государство  23:15
Астана. 9 ақпан. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысыныӊ төрағалығымен Үкіметтіӊ кеӊейтілген отырысы өтті, деп хабарлайды Ақорда.

Жиынға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Мәжілісініӊ төрағалары, Премьер-Министр, Мемлекеттік хатшы, Президент ?кімшілігініӊ Басшысы, Үкімет мүшелері, Астана мен Алматы қалаларыныӊ және облыстардыӊ әкімдері, Қазақстан Президентіне тікелей есеп беретін орталық мемлекеттік органдардыӊ басшылары қатысты.

Отырысты ашқан Нұрсұлтан Назарбаев елімізді дамыту барысында өткен жылы қол жеткізілген нәтижелерге тоқталып, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асырудыӊ маӊыздылығын атап өтті.

Басқосу барысында Премьер-Министр Б.Сағынтаев, Қаржы министрі Б.Сұлтанов, Ұлттық банк төрағасы Д.Ақышев, Премьер-Министрдіӊ орынбасары А.Жұмағалиев, "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасыныӊ басқарма төрағасы А.Мырзахметов, Қарағанды облысыныӊ әкімі Е.Қошанов және Қызылорда облысыныӊ әкімі Қ.Көшербаев баяндама жасады.

Елбасы орындалған міндеттердіӊ нәтижелеріне тоқталып, баяндамашылардыӊ назарын банк секторындағы проблемаларға, сондай-ақ цифрландыру бағдарламасыныӊ мақсаттарын түсіндіру, бюджет қаражатына бақылауды күшейту, бақылайтын мемлекеттік органдардыӊ тарапынан шағын және орта бизнесті тексеру жұмыстарын қысқарту мәселелеріне аударды.

Мемлекет басшысы жасалған баяндамалардан кейін сыртқы тұрақсыз факторлар жағдайында Үкімет, Ұлттық банк және өӊір әкімдерініӊ елімізді дамыту жөніндегі орнықты көрсеткіштерге қол жеткізу жолындағы жұмыстарына оӊ баға берді.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті бұған дейін қабылданған бағдарламалық құжаттарды іске асырудыӊ және оларға бөлінген бюджет қаражатын игерудіӊ тиімділігін арттыру қажет екенін айтты.

- ?лемніӊ озық дамыған 30 елініӊ қатарына қосылу үшін белсенді жұмыс істеу керек. Қажетті барлық бағдарламалық құжаттар қабылданып, заӊнамаға тиісті өзгерістер енгізілді. Институционалдық реформалар жүзеге асырылуда. Біз еліміздіӊ Үшінші жаӊғыруын жариялап, экономикамызды цифрландыруға кірістік. Даму үрдісін жеделдету қажет, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Индустрияландыру

Мемлекет басшысы индустрияландыру жылдары еліміздегі өӊдеу секторыныӊ дамығанын атап өтіп, оныӊ экономикадағы үлесін арттыру жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды.

Сондай-ақ, Елбасы өндіріске озық технологияларды енгізіп, кәсіпорындардыӊ экспортқа бағытталу мүмкіндіктерін арттыру мәселелеріне тоқталды.

- Мемлекеттік қолдау еӊ алдымен, озық технологияларды енгізетіндер мен экспорттық өнім өндіретіндерге көрсетілуі қажет. Өӊдеу өнеркәсібініӊ озық өсімін қамтамасыз ету үшін неғұрлым белсенді шаралар қабылдау керек, - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі арнайы экономикалық аймақтардыӊ тиімділігін зерттеуді тапсырып, жаӊа экономикалық аймақтар құруға уақытша тыйым салды.

Отырыс барысында мұнай-газ секторындағы өӊдеу және "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорын трансформациялау мәселелері талқыланды.

- Мұнай мен газ өӊдеу маӊызды бағыт болып саналады. Оныӊ үстіне елді жанар маймен қамту мәселесі жиі көтеріледі. Тіпті, 3 зауытты жаӊартқанныӊ өзінде Қазақстандағы жанар-жағармай тапшылығын 3-4 жылға ғана тоқтата аламыз. Интеграцияланған газ-химия кешенініӊ құрылысы жөнінде маған 2009 жылы баяндалған болатын. Содан бері жобаныӊ құны 6-дан 9 миллиард долларға дейін өсті. Аяқтау мерзімі 2016 жылдан 2024 жылға шегерілді, - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорыныӊ нақтыланған стратегиясы мен трансформациялау бағдарламасы бойынша Қорды басқару жөніндегі мәселені Кеӊестіӊ күн тәртібіне қоюды тапсырды.

"Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы

Мемлекет басшысы автомобиль жолдарыныӊ құрылысына бөлінетін қаржыныӊ тиімді әрі жариялы түрде пайдаланылуын бақылау қажеттігін айтты.

Қазақстан Президенті бірінші кезекке жатпайтын республикалық жолдарға бөлінген қаржыны өӊіраралық және ауданаралық жол құрылыстарына қайта бағыттаудыӊ маӊыздылығына назар аударды.

"Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы

Нұрсұлтан Назарбаев өӊірдегі тұрғын үй құрылысыныӊ нәтижелеріне тоқталып, мемлекеттік бағдарламаныӊ одан ары жүзеге асырылу механизмдерін қайта қарау керектігін атап өтті.

- Соӊғы екі жылда тұрғын үй құрылысына 550 миллиард теӊге бөлінді. Мұныӊ бәрі әкімдер айналысып жатқан құрылысты тікелей қаржыландыруға жұмсалды. Дағдарыс жылдарында бұл қадам ақталды. Енді нарықтық механизмдерді пайдалануға көшу керек. Құрылысты банктер қаржыландырып, ал Үкімет, Ұлттық банк және әкімдер тұрғын үй құныныӊ арзандауы үшін жағдай жасауы қажет, - деді Мемлекет басшысы.

"100 нақты қадам" Ұлт жоспарын іске асыру

Қазақстан Президенті Үкіметке импорт бойынша электрондық декларациялауды енгізу және тексеруші бақылау-қадағалау органдарыныӊ санын қысқарту мәселесін бақылауға алуды тапсырды.

Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев электр энергиясы құнын төмендету мақсатымен "Бірыӊғай сатып алушы" моделін енгізу және өӊірлік электр жүйелері компанияларын ірілендіру барысына тоқталды.

Мемлекет басшысы Премьер-Министрге өӊдеу саласына трансұлттық компанияларды тарту жөніндегі жұмыстарды бақылауға алуды тапсырып, "Қазақ Инвест" және "Қазақ Экспорт" компанияларыныӊ маӊызды рөл атқаратынын атап өтті.

Отырыс барысында агроөнеркәсіп секторындағы жобаларды іске асыруға инвесторларды тарту мәселесі мен "Астана" халықаралық қаржы орталығын іске қосу жөнінде алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар талқыланды.

Сонымен бірге, Қазақстан Президенті өзін-өзі жұмыспен қамтығандар жайына тоқталып, олардыӊ міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бағдарламасына қатысу мәселесін атап өтті.

- Денсаулық сақтау саласындағы реформаны тежеп отырған тағы бір жәйт цифрландыру мәселесіне байланысты. Осы күнге дейін электронды денсаулық паспорты жасалмай отыр, дәрігерлер құжаттаманы қағаз жүзінде жүргізіп келеді. Жергілікті жерлерде медицина мекемелері компьютерлермен толық жабдықталмаған, интернет қолжетімді емес. Бұл әкімдердіӊ жауапкершілігіндегі мәселе, - деді Мемлекет басшысы.

Қоғамдық сананы жаӊғырту

Нұрсұлтан Назарбаев өӊірлердегі кейбір басшылардыӊ бұл бағдарламаны іске асыруға салғырт қарап, оған жүйелі әрі тыӊғылықты кіріспей отырғанын атап өтті.

- Белгіленген міндеттерді жүзеге асыру үшін өзініӊ бар мүмкіндігін пайдаланбай отырған өӊірлер бар. Қоғамдық сананы жаӊғырту бір жылмен шектелмейді. Бұл жүйелілікті, үнемі жаӊа тәсіл іздеуді талап ететін ұзақ мерзімді жұмыс, - деді Қазақстан Президенті.

Сондай-ақ жиында қазақ тілініӊ латын қарпіне көшу мәселесі де талқыланды.

Заӊ үстемдігін қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлықпен күрес

Мемлекет басшысы мүдделі мемлекеттік органдарға қылмыстық процестегі асыра қудалаушылықты бәсеӊдетіп, оны ізгілендіру бағытын жалғастыруды тапсырды.

Нұрсұлтан Назарбаев сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу ісінде алдын алу шараларын жүйелі түрде қабылдау басты міндет болуға тиіс екенін айтты.

- Соӊғы 2 жылдыӊ ішінде ғана сыбайлас жемқорлық үшін екі мыӊнан астам лауазымды тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Солардыӊ арасында министрлер де, түрлі деӊгейдегі әкімдер де, ведомство басшылары да бар. Атап айтқанда, бұрынғы ұлттық экономика министріне, "Қазақавтожол" кәсіпорныныӊ бас директорына қатысты қылмыстық істер сотта қаралуда. Сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу ісінде алдын алу шараларын жүйелі түрде қабылдау басты міндет болуға тиіс, - деді Қазақстан Президенті.

Соӊында Мемлекет басшысы биылғы Жолдаудыӊ барлық басымдықтарын іске асырудыӊ маӊыздылығына тоқталып, оларды орындау үшін әрбір басшыға жауапкершілік жүктелетінін атап өтті.

- Жолдауда төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында атқарылуға тиіс 10 нақты міндет белгіледім. Президент ?кімшілігі, Үкімет, Парламент, әкімдер, "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы және ұлттық холдингтер тиісті жұмыс жүргізуі қажет. Бүгін мен ескерілуге тиіс тағы бірқатар мәселені айқындадым. Жүргізіліп жатқан конституциялық реформа мен күрделі геосаяси ахуал жағдайында барлығымыз белсенді әрі жұмыла жұмыс істеуіміз керек, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Просмотров: 5010

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter