15.04.2024, 18:22 29616

Тоқаев Армения мен Әзербайжан арасындағы қатынасты тезірек реттеуге шақырды

Тараптар Армения мен Әзербайжан арасындағы уағдаластықтарды нақты жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастыруға келісті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Армения мен Әзербайжан арасындағы қатынасты тезірек реттеуге шақырды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.

Ереванда өткен келіссөздер барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Армения Премьер-министрі Никол Пашинян Оңтүстік Кавказда тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесіне айрықша назар аударды.

Мемлекет басшысы Армения мен Әзербайжанның бейбіт келісім жасау жөніндегі қадамдарын жоғары бағалады. Осы орайда Қазақстан Президенті Ереван мен Баку арасында тезірек берік әрі ұзақмерзімді бейбітшілік орнағаны маңызды деп атап өтті. Сондай-ақ келіссөздер үшін Қазақстан өз алаңын ұсынуға дайын екенін мәлімдеді.

Бейбітшілік пен келісімге нақты келіссөздер арқылы қол жеткізуді жақтайтын Қазақстанның бұл бағыттағы барлық іс-әрекетті қолдауға әзір екені айтылды. Тараптар Армения мен Әзербайжан арасындағы уағдаластықтарды нақты жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастыруға келісті.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны