11.04.2024, 19:50 31241

Су тасқынынан аса зардап шеккен өңірлердегі оқушылар ағымдағы емтихандар мен сынақтардан босатылды

Су тасқынынан аса зардап шеккен өңірлердегі оқушылар ағымдағы емтихандар мен сынақтардан босатылды
Cу тасқынынан аса зардап шеккен өңірлердегі оқушылар ағымдағы емтихандар мен сынақтардан босатылды, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінен.

Атап айтқанда, Атырау мен Ақтөбе облысындағы оқушылар үшін БЖБ мен ТЖБ алынып тасталды. Бұл туралы Республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте ҚР ОАМ ресми өкілі Мереке Амангелдіқызы хабарлады.

Білім алушылардың білім жетістіктері мониторингінен Атырау, Ақтөбе, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарынан 28 мектеп босатылды. Алты өңірде мониторинг 15 сәуірден 22 сәуірге ауыстырылды (Ақмола, Атырау, Ақтөбе, СҚО, Қостанай және БҚО). Қалған өңірлерде оқу штаттық режимде жүргізілуде", - деді спикер.


Министрлік оқу процесін ұйымдастыру бойынша жұмыстарды жалғастыруда. Эвакуациялық пункттердегі балаларды орналастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі таңда 2393 бала оқу процесін ұйымдастырумен бірге орналастырылды: бастауыш сынып оқушылары сауықтыру орталықтарына ата-аналарымен бірге жіберіледі; орта буындағы оқушылар республикалық маңыздағы инновациялық мектеп лицейлердің жатақханаларына орналастырылады ("Дарын", РФММ, БИЛ және НЗМ); жоғарғы сынып оқушылары (9-11 сыныптар) уақытша колледждерге орналастырылады.

Министрлік балаларға қосымша 3182 орын әзірлеп қойды", - деді ведомствоның ресми өкілі.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны