15.04.2024, 20:41 63406

Қазақстан жастары арасында "Бірлескен болашақ, үздік әлем - адамзаттың ортақ тағдырлас тұлғасын қалыптастыру" тақырыбында сурет салу байқауын өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан жастары арасында "Бірлескен болашақ, үздік әлем - адамзаттың ортақ тағдырлас тұлғасын қалыптастыру" тақырыбында сурет салу байқауын өткізу туралы хабарландыру
Сурет: russian.news.cn
2013 жылдың наурыз айында Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин алғаш рет адамзаттың тағдырлас ортақ тұлғасын қалыптастыру туралы бастамасын жариялаған болатын. Он жылдан астам уақыттан кейін адамзаттың тағдырлас ортақ тұлғасын қалыптастыру тұжырымдамасы қытайлық бастамадан халықаралық ортақ танымға, керемет көзқарастан бай тәжірибеге дейін дамып, тұжырымдамадан ғылыми жүйеге айналды. Бұл жүйе Қытай елінің жоспарымен әдемі әлемді бірлесіп құруға ықпал ететін, дәуірді алға бастайтын жарқыраған туға айналды.

Қазақстан жастары арасында адамзаттың тағдырлас ортақ тұлғасын қалыптастыру тұжырымдамасын түсіндіру, Қытай мен Қазақстан халықтары арасындағы алмасуды, әсіресе жастар арасындағы алмасуды жақсарту мақсатында "Бірлескен болашақ, үздік әлем - адамзаттың тағдырлас ортақ тұлғасын қалыптастыру" тақырыбында Қазақстан жастары арасында сурет салу байқауы өткізіледі.

1. Ұйымдастырушылар

Бас ұйымдастырушы: ҚХР-ның ҚР-ндағы Елшілігі

Ұйымдастырушы: Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті жанындағы Конфуций институты

2. Байқауға қатысушылар

1) Қазақстан Республикасы азаматтығы бар жастар;

Жас категориялары: балалар, оқушылар, студенттер;

Балалар: 12 жасқа дейін қоса алғанда;

Оқушылар: 13-20 жас қоса алғанда;

Студенттер: 21-30 жас қоса алғанда.

3. Тақырыбы және жұмыс түрлері

Тақырыбы: "Бірлескен болашақ, үздік әлем - адамзаттың тағдырлас ортақ тұлғасын қалыптастыру".

Жұмыс түрлері: көркемсурет, кескіндеме, сурет (қолданылатын материалдар мен өлшемге шектеу қойылмайды).

4. Байқау жұмыстарына қойылатын талаптар.

1) Байқауға жұмыстардың ажыратымдылығы жоғары фотосуреттері қабылданады. Бір қатысушы тек бір жұмыстың суретін ұсынады. (кемінде 2 МБ). Файл атауы: "Реттік нөмірі + жұмыс авторының толық аты-жөні + жас тобы + жұмыс атауы/тақырып" болуы керек.

2) Жұмысты іс жүзінде қатысушының өзі жасау керек, балалар тобына қатысушылар жұмысты ата-анасының немесе жетекшісінің жетекшілігімен жасай алады.

5. Байқау форматы:

Жұмыстың фотосуретін көрсетілген электрондық поштаға жіберу қажет.

6. Тіркеу әдісі:

Әрбір қатысушы тіркелу бланкасын толтырады (қосымшада, бір қатысушы үшін бір бланк), тіркелу бланкасы + жұмысты мына электрондық поштаға жібереді: [email protected]. Хат атауы: "жас тобы+қатысушының аты-жөні".

Егер қатысушылар оқу орнынан / ұйымнан ұсынылса, барлық жұмыстарды мұрағатқа бір файлмен жіберу керек, Пошта тақырыбының атауы "Оқу орнының/ұйымның атауы".

Ұйымдастыру комитеті байланыс және кейінгі хабарламалар үшін қатысуға өтінім бланкісінде көрсетілген байланыс нөмірлері негізінде WhatsApp қосымшасында қатысушылар тобын құрады.

7. Байқауды өткізу уақыты:

1. Конкурстық жұмыстарды жинау: 15 сәуір-31 тамыз.

2. Конкурстық жұмыстарды бағалау: 1-10 қыркүйек.

3. Қорытындыларды жариялау: 10 қыркүйектен кейін.

8. Қорытындыларды жариялау әдісі:

Қатысушылар тобында, ҚХР-ның ҚР-дағы Елшілігі @chinaembkazakh парақшасында және Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті жанындағы Конфуций институтының Instagram парақшасында @zhubanov_confucius жариялаймыз.

9. Жүлделер мен дипломдар:

1-ші орын (әр жас тобынан 1 қатысушы): 1 жүлде;

2-ші орын (әр жас тобынан 2 қатысушыдан): 1 жүлде;

3-ші орын (әр жас тобынан 3 қатысушыдан): 1 жүлде;

Белсенді қатысқаны үшін (әр жас тобына 3 қатысушыдан): 1 жүлде;

Белсенді ұйым үшін (3 мекеме): 1 жүлде.

Барлық жеңімпаздар Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігі атынан диплом алады.

10. Байланыс ақпараты:

Қ. Жұбанов атындағы АӨУ жанындағы Конфуций институты.:

Байланыс: Алитурлиев Алибек

WhatsApp: +7-702-625-55-10

Электрондық пошта: [email protected]

Instagram:@zhubanov_confucius

Сурет: скрин
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны